Өмір-ай

***

- Қайдан келдің?

- Ешқайдан.

- Ешқайда 4 сағат болдың ба?

-....

"Құдай-ау осы "ешқайда" деген жердің қайда екенін білсем, ол жаққа баратын жолдарды жауып тастар ма едім, шіркін" деп отырады ініме ашуланған мамамыз.

 

***

Бұрын насыбайды сексендегі селкілдеген аталарымыз атқанын көретінбіз. Қазір жиырмадағы жалындаған, әп-әдемі киінген, сырттай мәдениетті жас жігіттер көшеде, аялдамада қымсынбастан алақанына төгіп алып еріндерін керіп тұрып салып кеп қалады. Сыртынан қарасаң жиеркенішті. Ал, осыдан кейін "үйленетін, нормальный қыздар жоқ" деп йтып көрсін.

 

***

-Қайда барасың?

-Қаз.... келем... балдармен.....

-Абайла, көшеде  небір жындылар жүр, теледидардан көрдің ғой өзің де...

/Аййй,сол небір жындылардың бірі сол баласының өзі деп ойламайды ғой ана жүрек./

 

***

-Ауырып тұрсың ба?

-Иә, әже, денем қалшылдап тұр.

-Қойдың майын жақ денеңе.

-Тамағым да ауырып тұр.

-Қойдың майын ерітіп ішіп ал.

-Жөтел де қысып...

-Қойдың іш майы бар ма, арқаңа таңып берейін.

-Қызуым көтерліп тұр ма?

-Арақпен сыла арқаңды.

/Әжеміздің осы әдістері кез-келген "терафлю мен АЦЦ  дан жүз есе артық екеніне сенімдімін"/



Бөлісу: