Өмір-ай...
блог
Осыдан 2 ай алдын анамның миында қатерлі ісік бар екені анықталды. Содан Астана қаласындағы «Республикалық нейрохирургиялық ғылыми орталығы» АҚ орталығына келіп қаралдық. Мұндағы дәрігерлер жағдайдың өте ауыр екенін айтты. Қу пендешілік, дер кезінде қаралып емделсе дәл бүгінгідей болмас еді. Енді міне өмірімдегі ең үлкен әрі ауыр шешім қабылдадым. Ол шешім ота жасау немесе жасамау. Дәрігердің айтуынша ота жасатпаған жағдайда өмір сүру уақыты бір аллаға аян. Ал жасатқан күннің өзінде нархоздан ояну мүмкіндігі 50 %. Оянған күннің өзінде жағдайының қалай болары бір аллаға сосын өз организмне байланысты екен. Тоғыз ай тоғыз күн құрсағында көтеріп, толғатып, дүниеге алып келген, өмірдің ыстығымен суығына қарамастан сен үшін күрескен, анаңның өміріне қатысты осындай шешім қабылдау өте қиын екен.