Кейде адамдар ашуды қолдан жасап алып жатамыз, кейде өз ісімізге есеп бере алмай жатамыз. Достар, ашуды сабырға жеңдіре біліңдерші. Бұл өмірде бір бірімізді сыйлап өтейікші. Сендерге мен өзімнің екі жағымда орналасқан екі көршімнің оқиғаларымен бөліскім келеді. Дұрыс түсініп өмірлеріңде ондай жағдайдан аулақ болып, сабақ алсаңдар деген ниетпен жаздым.
Ең алғаш осында көшіп келгенімде ең жылы ұшырап қазақша қарсы алған Гүлжан апай еді. Қазір ол кісі 15 күндік қамауда. Мен ол кісіге араша түсе алмай қалдым, сәл кешігіп қалдым. Мен келгенше АНА сыйлай білмейтін екі пагонды азаматтар қолын артқа қайырып алып кетіпті. Ойлап отырған шығарсыздар ол кісі кінәлі болмаса олар әкетпейді ғой деп. Иә, ол кісі кінәлі.
Иә, иә, мен жақсы көріп, ибалы болып үлкенге құрмет көрсетіп, менің апамды апта сайын өз анасынан кем көрмей, моншаға ертіп апарып, сыйлап жүрген көрші, кішіге құрмет көрсетіп жұмыстан кешігіп келетін қыстың күндерінде менің үйіме от жағып, үйіме жылу кіргізіп, ыстық пирожкилерін сыйлап жүретін апайымның осы іске кінәлі етіп, суық темір торға қамалуының өзіндік себептері бар.
Әр ісінен мін тауып, сүйіп қосылған жан-жарынан ерте айырылып, екі құлыншағын ешкімнен кем етіп бақса да, далада біреу қарап сойлесе де, үйге дос- жарандары келсе де, біреу қонаққа шақырса да, сен өз күйеуіңді өзің жұттың, олай емес былай деп тоқсан алтыға келген жасы болсада әр іске өз билігін жүргізіп, үстемдік танытып, әр кезде өзінің жалғыз қызын мұқатып, реті келсе сөзге келтіріп, жекіп, жақын келсе таяғымен бірді салып отыратын Жамал апаның Гүлжан апайдың жылдар бойы ішіне сақтап жинаған ашуы бомба болып жарылып, өзінің таяғы өзіне тиетінін білмеді де ғой, олай еш ойламады да.
Кезекті бір жұмыстан қайтып келе жатсам бір адамның жан ұшыра айқайлап, дауыстап жатқанын естідім. Тыңдап бағдарласам, күнде күйеуіне балаларына айқайлап жататын Әлия апайдың даусы екен. Кезекті бір ұрыстары шығар деп мән бермей, үйге кіріп кеткенім сол еді. Жеті жасар Дәулеттің есіктен айқайлап қоя бергені «Жанат аға, сізді мамам шақырады» деп. Сыртқа шықсам көрші апай «ішпе, ішпе» деп айқайлап жан даусы шығуда.
Салтанат деген ат естілгенде, өзімнің көрші қарындасым есіме түседі. 8.ші сыныпқа көшіп, сулулығымен, инабаттылығымен көзге тұсіп жүретін сол бір бойжеткен енді өз қылығынан өзі ұялып көшеге шығудан қалды. Құрбыларымен әзілдесіп жол бойында тұрған Салтанатты ішіп келген әкесіне ашулы Әлия апай сыпайылықты ұмытып қызына аузына келгенін айтып құрбыларының алдында ыңғайсыз жағдайда қалдырып, үйіне қарай кете барады. Сәл уақыттан соң ойында ештене жоқ әжетхананың есігін ашып қалса, өзінің колготкиіне асылғалы тұрған қызын құтқарып қалды. Баласына ақыл айтып, сабырға шақырудың орнына одан бетер айқайлап үйіне қарай сүйрейді. Есікке келгенде өзінің бұл өмірден қоштаспақ жоспарын түбегейлі атқаруға бел байлаған Салтанат анасын сыртта қалдырып, есікті іштен іліп үйдегі терезенің алдында тұрған бір қорап дәріне терезеден айқайлаған анасының көзінше уыстап іше берді.