Өмір

Өмір
жеке
блог

                           Өмір...

 

Өмір деген сан күрестің жиыны,

Өмір деген сан қоғамның ұйымы,

Адам болып келіп мына жалғанға,

Адам болып өту ең бір қиыны

 

Өмір деген сан тағдырлар тоғысы,

Жүректердің алай-дүлей соғысы,

Өз жолының мәнін ұқса адамдар,

Мол ісі мен қызықты өмір сонысы,

 

Өмір деген өшпес іздің өлшемі,

Өркендеуде өлмейді еш өр сенім,

Көкіректе күйініш пен сүйініш,

Көңілімде ойдың қылыш семсері,

 

Өмір деген тәрізді есік тұтқасы,

Кету үшін жаралғанбыз жалғанға,

Саналарың кейде адамдар тот басып,

Адаспағын өмір атты орманда,

 

Өмір деген биік аспан тым биік,

Қол жеткізбес көк сағымдай тұңғиық,

Тылсым жұмбақ сырлары көп ұқпайтын,

Табиғаты тағылымы мол сыр түйін,

 

Өмір деген қайталанбас құбылыс,

Фәни атты құдығынан тұнық іш,

Тура жолды танытады адамға,

Ұсынады түзу жолда бұрылыс,

 

Өмір деген тәтті келер адамға,

Ғұмыр берсе сүре берер адамда,

Келте болар бірақ әттең жеткізбес,

Көрген де өмір көрмеген де арманда,

 

Өмір деген сан күрестің жиыны,

Өмір деген сан қоғамның ұйымы,

Адам болып келіп мына жалғанға,

Адам болып өту ең бір қиыны