...ӨМІР...

                ...Өмір...

 Өзендей ағып сарқырап,

Жұлдыздай жанып жарқырап,

Сауықшыл сайран салты ұнап,

Өтіп жатыр өмірім.

 

Балалық шіркін шалғайда – ақ,

Басыма қонып балдай бақ,

Қызуы Күннің қанда ойнап,

Өтіп жатыр өмірім.

 

Жабырқап, жасып қос ғашық,

Қайтқан бір құспен қоштасып,

Үміт пен күдік астасып..,

Өтіп жатыр өмірім.

 

Қара бұлт бүркеп ақ айды,

Ақ мамық қымтап маңайды,

Күндерді аңсап арайлы

Өтіп жатыр өмірім.

 

Уақытты қусаң жетпессің,

Келеді талай, кетпес кім,

Дегенше енді беттестім,

Өтер де кетер өмірің.



Бөлісу: