Өмір

Сылдырап асу өзен аққанменен,

Маздатып үміт отын жаққанменен.

Бітпейді бұл өмірде өкпе-реніш,

Қаншалықты жылылықпен жапқанменен.

 

Іздегенді оңайлап тапқанменен,

Жан-жағыңа бәріне жаққанменен.

Бұл түнің таласады шынында да,

Арайланып ертеңгі ақ таңменен.

 

Әлпештеп сәбиіңді баққанменен,

Бал тілінен тәтті дәм  тапқанменен.

Өскеннен соң қарайламай кетсе егер,

Секілді ғой қасқыр сені қапқанменен.



Бөлісу: