Өмір ...

Өмір ...
жеке
блог

     Зымырап жатқан бұл уақытта өзімнің кім екенімді, не істеп жүргенімді өзімде білмей қалдым. Себебі мен адасып кеткем. Әр адам өмірге келіп бала болған кезінде  не себепті не үшін келгені туралы ойланбайды екен. Кейбір аңыз деректерде адам өлген соң клесі өмірінде жануар боп туады екен дейді. Мен мұсылманмын оған сенбесемде бір сәт ойлап көрдім.

    Мысалға: Момын, аңқау адам қой боп туатын шығар, жан жағына бір қарап маңырап. Ал пысық адам жүйрік ат болатын шығар айдаған жақа кете беретін. Ал жалқау адам есек болатын шығар, айдағанда аңырап тұратын. Жаман адам қасқыр боп туатын шығар момынға шабатын. Жақсы адам ит боп туатын шығар иесіне адал дос момынды қарауылдайтын. Әр көшенің бұзығы қораз боп туса, сол көшелердің қыздары тауық болатын шығар . Ғашық жандар аққу болатын шығар, тағдыр деген мылтық айырмаса болғаны. Әншілер бұл-бұл, оқымыстылар, немес компьютердің алдында уақыт өлтіретіндер  жапалақ болатын шығар  түндеде ұйықтамайтын, Ұйқыбастар – аю. Батырлар – арыстан, қорқақтар – шибөрі, өсекшілер – шыбын, әлсіздер торғай. Тілі ащы, балағатшылар – жылан, Сақшылар – тасбақа, дүниеден басқа түк көрмейтін соқырлар – көртышқан. Дүниені ғана көріп қол жетпегендер – тышқан. Насыбай ататындар  – түйе, Темекі шегетіндер – скунс, қорқақтар – қоян, алқаштар - тентек қой, Бір отбасын құрған әкесі қаңғыбас – бұқа, шешесі – сиыр, баласы бұзық бұзау, Барахолкадағылар – ірі құмырысқа, Зеленыйдағылар – майда құмырысқа. Тырнағы ұзын қыздар- мысық, Ерке балалар – күшік, Мінезі шатақтар – тордағы ит. Бойы ұзындар – Жираф, Семіздер - бегемот, Бәлешілдер – бит, Бәлешілдің досы – сірке, Жыбырлақтар – құрт,Журналисттер – Маса, Аферисттер – түлкі, Ұшқыштар – инелік,  үндеместер – балық, жер бетіндегі, жануарда, жәндікте, адамда бәрі – халық.

          Бұл енді менің жай ойым бұл тіршіліктегі адамдарды күнде көріп жүрмін. Ең бастысы адам болып жүргенімізге мың да бір шүкір.