Заман біздікі

Абай Құнанбайұлының "өлеңге әркімнің-ақ бар таласы" өлеңін: "өмір сүруге әркімнің-ақ бар таласы" - деп өзгертіп, мақаламды бастағым келеді.

Адам туады,адам өледі. Бұл - жасыруға келмейтін шындық. Бұл - жаратылыс заңы. Адам дүниеге келген қонақ, "біраз қонақтадың, аттануың керек" - деген түсініктер бар.

Бірақ адам бұл фәниге жай ғана адам санын көбейту мақсатында емес, артына ой қалдыру үшін, ойдан мұра қалдыру үшін келеді. Өмірге адам болып келіп, адам күйінде жер бетінен мәңгілікке кетіп, санада естелік болып қалады.

Мен - ұлы жиырма бірінші ғасырдың жасымын. Кеудемде қазақ деп соғатын жүрегім бар.Мен он сегіздемін,бірақ мендегі ой байсалды,талай белді артқа салған адамның ойындай,себебі мен көбінде кітаппен дос болуды жөн көремін.Ал көп кітап оқып ізденген адам түбінде бір жерді тесіп шығары анық.

Мен 18 жасар журналистика факультетінің студентімін.Бала күнімде домбыраға да,биге де қатыстым,тоқу мен сурет салу өнеріне де машықтанып,тіпті дзюдоға да қатысқан кездерім болды.Анам ақ халатты абзал жан болғандықтан әкем,жақындарым менің медицина саласының маманы болғанымды қалады,бірақ мен ешкімнің сөзіне де,ойына да құлақ аспадым.Өзіме сендім,өзімді ақылым мен еңбегім екі жақтап алып шығарына сендім,сене де бермекпін...



Бөлісу: