Ұлт ұстазының есімін алған Қостанай өңірлік университетінде журналистика мамандығының студенттері арасында ұстаздар мерекесі аталып өтті.
Шара ұстаздарға арналған әсем әнмен басталып, беташары ашылды. Алғашқы сөздің тізгінін "Журналистика және коммуникациялық менеджмент" кафедрасының меңгерушісі Балажан Мустафина алды. Ол өз сөзінде ұстазбен шәкірт арасындағы байланыс жайына тоқталып, ұстаз мүддесі хақында баяндап өтті.
— Ұстаз — қасиетті сөз. Оның қасиетімен бірге атқарар қызметі де үлкен. Сондықтан бұл мамандық бірегей саналады. Егер мұғалім өте беделді болса, онда бұл мұғалімнің әсерінің іздері — кейбір адамдардың бойында өмір бойы қалып қояды. Міне, сондықтан мұғалімнің өзіне құнтты болуы, өзінің мінезі-құлқы мен іс-әрекеттері, дүние жүзіндегі бірде-бір адамда болмайтындай, ең күшті бақылауда болатынын сезінуі өте маңызды, — дейді Б. Мустафина
Кафедра меңгерушісінің сөзінен кейін әр курстың студеттері өздеріне тән деңгейде әзірлеген бағдарламаларын көрсетті. Олардың ішінде ұстаз туралы хормен ән айтылып, жеке орындаулар орындалып, поэзиялық жыр да оқылды. Жоғарғы курс студенттері оқытушыларға арнап интелектуалды ойын ұйымдастырып, білім сайысын өткізді.
Бибіт НҰРМҰХАНОВ,
Қостанай қаласы.