ҰБТ - армандар мен мақсаттарды өлтіруші!

      ҰБТ-біреудің соры, біреудің бағы...Дегенмен, қалай болғанда да бағы жанбаған түлектердің арманы мен мақсатын өлтіруші! Қалай дейсіз ғой? Ол былай... Біздің елде жұмыссыз жүрген жас мамандардың талайы бұл сөзіме себеп бола алады. Ата-ананың материалдық жағдайын ойлап, болмаса 20 мыңға жетер-жетпес шәкіртақы деп грантқа түсуге желігетіндер қаншама. Бәлкім ата-ананың қалтасының қағылмағанын ойлағаны да перзенттік жанашырлық шығар, бірақ өзі қаламаған мамандыққа барып, мақсат-мұратын құрбан еткендері өкінішті. Мүмкін құлқының құлшынысы бар мамандықты тәмамдағанда айтарлықтай жетістікке жетуі де мүмкін еді ғой.         Міне, бізде ҰБТ болмағанда білікті дәрігерлер мен ұстаздар, дарынды тілшілер мен актёрлар, айта берсең тағысын тағы мықты тұлғалардың қатары көп болар еді. Тіпті келешекте Леонардо да Винчиден де аты аңызға айналатын қазақ суретшісі жарқ етіп, Қастеевтің жолың қуар?! Көкейге күпті ой сыйласа да шындық осы!          ҰБТ -бұл күні талайлардың сорына айналғаны көзге көпе -көрнеу көрінетіні ақиқат. Мен де таяуда ғана 11 жылдық білімімді сынайтын жауапты шақты басымнан өткіздім. Жыл бойғы дайындықтың нәтижесінде бұйырған баллды иелендім. Және де армандарым мен мақсаттарымды ҰБТ-ның өлтіруіне жол бермегенім үшін өзімді мақтан тұтамын!


Бөлісу: