Айтуға тұрарлық тағы да бір жағымды жаңалық Түркі халықтарының халықаралық конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне «Түркі елдері арасындағы үздік ЖОО» атағын берді. Халықаралық марапатқа лайық болған қазақстандық жоғары оқу орнын Түркі халықтары халықаралық конгресінің президенті Яхья Юсифоглы Алиев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ұжымымен кездесу барысында хабарлады. Әлемнің алты академиясының академигі, Түркі халықтары халықаралық конгресінің президенті, доктор Яхья Алиев бұл шешім 47 Түркі халықтары мен ұлыстарын біріктіріп отырған халықаралық конгрестің 2015 жылы желтоқсан айында өткен отырысында бірауыздан мақұлданғанын айтты. Содан соң ол ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтановты «Түркі әлеміне сіңірген еңбегі үшін» атты алтын төсбелгімен марапаттады. «Мен әлемнің көптеген үздік университеттерінде болдым. Бірақ, тек ҚазҰУ қайта құрылу ауқымдылығымен және әлемдік рейтингте азғана уақыттың ішінде айтарлықтай жоғары көрсеткішке қол жеткізгенімен таңқалдырады. Қазақстандық университеттің жоғары көрсеткішке қол жеткізгені мемлекет тарапынан адами капиталды дамытуға айтарлықтай көңіл бөлініп отырғандығының көрсеткіші және болашаққа жасалған инвестиция деп қарастыруға болады.
Авторлар Б.К.Алимбаева, Ф.С.Телгожаева, Закариянова Н.Б., Кабдрахова С.С.