Туған-туысқаны психикалық ауруға шалдыққан кезде, көмек сұрау неге қиынға соғады, және ауырған адамның отбасы қандай проблемаларға тап болады?
блог
Психикалық ауру – қиын жағдай және әрқашан ауырған адам мен оның отбасына үлкен сынақ болмақ. Адам психикалық ауру болған кезде, оның жүріс-тұрысы, мінез-құлығы өзгереді; қабылдауы да өзгешеленеді, әріптестерімен және жақын адамдарымен қарым-қатынасы жиі құбылып тұрады, сонымен қатар, оның мүмкіншілігі айтарлықтай төмендейді. Бұл жағдайда дәл отбасы ғана сол аурудың қиратқыштығын төмендететін, не болмаса, керісінше оның іс-әрекетін ауырлататын алдыңғы шебі (форпост) болады, дәл отбасы мүшелеріне үлкен жауапкершілік және ауыртпалық артылады. Өкінішке орай, психикалық клиникадағы күнделікті жұмыс мәліметтеріне сүйене отырып, біз тұрғындардың көп бөлігінің психикалық ауытқу туралы хабардарлықтарының және дайындықтарының төмен деңгейде екенін, қоғамның сөз етуі немесе аулақ жүруі жиі болатынын айта аламыз. Бұл жағдайлар ауырған адамның және оның отбасының расталған мәлімет және білікті көмек алуына үлкен кедергі келтіреді. Негізгі проблемаларға тоқтала кетейік.
Ең алғаш көмек сұрау проблемасынан бастайық. Психикалық аурудың ерекшелігі оның белгілерін қалыпты адам мінезінен ажырату қиын болатындығында. Көзқарасымен және қалауымен ылғи санасып жүрген жақын адамың, қазір өзінің эмоциясын басқара алмайды және барлық болып жатқан жағдайларды ақылға қонымсыз түрде қабылдайды деп елестету қиынға соғады. Бұған сену, әсіресе, туған-туысына өте қиын. Олар осы адамға бауыр басқан, онымен эмоционалды тұрғыда байланысқан және оның кез-келген ағаттығын, мінез-құлқының ерсілігін және қабылдауының өзгешелігін, тіпті өздеріне ұнамаса да, оны логикалы, ақылға сиымды түрде түсіндіруге тырысады. Бұл көрініп жатқан өзгешеліктер көңіл толмаушылық, тіпті кейде агрессия тудыруы мүмкін, туысқаныңның мінез-құлығын өзгертуге тырысуы да орын алып жатады, бірақ ауырған адам барлық шынайылықты дұрыс қабылдамайтынына, өзінің эмоциясы мен іс-әрекетін басқара алмайтынына тіпті күдік тудырмайды және оған көмек керек екен деп те ойламайды. Тек өзгешеліктің қатты білінуінен кейін немесе осы өзгешеліктер сол адамға қайғы-қасірет алып келгенде ғана білікті маманды іздеу басталады. Және дәл осы кезде келесі проблема пайда болады – осы маман, сенім бойынша тек “есі ауысқандар” (“психтар”) ғана қаралады деген репутацияға ие маман, психолог немесе психиатр болуы мүмкін. Өкінішке орай, біздің қоғамда психикалық денсаулығына қамқорлықпен қарау және қорғау культурасын әлі дамыту керек.
Ауруға шалдыққан туысыңмен арақатынас қиындығы, тек сол отбасы көмекке мұқтаж екендігіне көз жеткізгенде ғана, бірінші орынға келеді. Көп жағдайда психикалық ауруда өзіне деген критикалық қатынастың жоқ болуы орын алып жатады. Ол дегеніміз ауруға шалдыққан адам өзінің іс-әрекетін және мінез-құлығын осы жағдайдағы ең дұрыс және қатыпты деп санауы. Сондықтан, ол адамға бір нәрсенің дұрыс емес екенін түсіндіру тіпті мүмкін емес болып жатады, және туған-туысына оны маманға алып келу, оның қалауына қарсы болғандықтан, қиындық туғызады. Бұл көп жағдайда негативті реакциялар тудырады, конфликт болып, көмектесушінің кінәлі екендігін алға тартып жатады.
Психикалық ауруды анықтаудың өзі келесі тосқауыл болмақ. Көңіл-күйдің жиі өзгеруін, қауіп, қорқыныш, сандырақтың пайда болуын түсіндіру өте қиын. Көп адамдар осы құбылыстарды түсіну мақсатында, өзіне таныс дағдылар қатарына қосатын болады. Өкінішке орай, қазірдің өзінде ақпараттандырылмаған туыстарға ұзақ жолдардан өтуге тура келеді.
Адамның жүйке жүйесіндегі дабылды және басқа да симптомдарды адамға көз тиюмен немесе жын кірумен байланыстырады, басқа адамдарды, туысқандарды, кей жағдайларды кінәлайды. Нәтижесінде ол адамдарды дәрігерден дәрігерге апарып, одан сайын үрейлене, экстрасенстар мен балгерлерге алып барады. Осыдан кейін адамның жүйке жүйесі одан сайын ушығады. Осы арқылы жағдайын дұрыстағысы келгенімен оны мынадай жағдайға алып келеді: жұмысын ауыстырады, отбасы болса ажырасып кетуі мүмкін, әртүрлі жағдайға жолығуы мүмкін. Бірақ осының барлығын эмоционалды- психологиялық жағдай салдарынан болғанын түсінбейді.
Жақсы мамандарды іздестіру жылға созылуы мүмкін. Бұл қиындықтан құтылудың бір амалы жақсы ақпарат көзін табу. Ақпаратты нақты дәл сол саладағы маманнан алған жөн. Осы ақпаратқа ие адамдарға – дәрігерге, психологтарға, мешіт молдаларына ауруға душар адам жолыға алады. Және осылай ушығуды алдын алуға болады. Яғни, аурудың алдын алу арқылы біз психологиялық ауруларға душар болған адамды кейбір кезде өте қатты өзгерулерден сақтап қала аламыз. Дер кезінде көрсетілген емдеулер психикалық аурулардың салдарын айтарлықтай төмендете алатынын ұмытпаған жөн. Психикалық аурудан кейін қалпына келу этабы – сол адамның алдыңғы өмірінде ең маңызды орын алмақ. Алдыңғы қатарда ауруға шалдыққан адам мен оның туған-туысқандарының қарым-қатынастары қойылады. Өйткені, емдеу орындары – аурухана, диспансер, психикалық көмек көрсету орталығы және әлеуметтік орындар көмек көрсету бойынша “екінші” орынға кетпек. Бұл психикалық ауытқуы бар адамды сауықтырудағы отбасымен жүргізілетін әлеуметтік-психологиялық жұмыстың маңызды екенін көрсетеді.
Және қорытындылай келе, отбасылық қатынасты алдын алу – әлеуметтік-психологиялық маңызы зор іс екенін айта кеткен жөн. Психикалық аурулардың пайда болуы нақты шешілмеген сұрақ болып келеді, ол ғалымдардың айтуынша нейро-медиаторлы, және психикалық ауытқулары бар адамдардағы эмоционалды бұзылыс болып табылады. Сонымен қатар, сау, толық отбасы – болашақта сол отбасы мүшелерінің психикалық тұрақты болуының бірден-бір себебі деп айта аламыз.
(ақпарат көзі: http://www.psychol-ok.ru/lib/intpsy/intpsy2014/intpsy111114.html )