Тәуелсіздік-ащы дәм мен келген тәтті жеңіс

Қоғам.Өмір.Қайнап жатқан тірлік.Адамдардың зулап жатқан өмірі.Еңбектеген жас баладан,еңкейген шалға дейін жұмыс атқарып,күйбен тіршілігін көріп жатыр.Еліміздің еңсесі биік,терезесі тең болған заман.Өткен ғасырларда тарих сахнасында болған оқиғаларды есіне түсіріп барына шүкіршілік жасап жүрген адамдар.Өткен ғасырлардағы тарих сахнасына көз жүгіртсек....Ойлап қарасам елімізде сонау Күлтегін мен Білге қаған туған заманнан тыныштық болмапты,айрандай ұйып жатқан халыққа қасқырдай ұлып тиіп халықты зар жылатқан.Ерлеріміз ұрпақтарым үшін,ұлым құл қызым күң болмасын деп ақтық демі қалғанша майдан даласында шайқасқан.Бұл оқиға қазақ хандығы дәуірінде одан кейін Кеңес кезеңінде де қайталанған.Сондағы қалағанымыз Тәуелсіздіктің ақ таңын көру еді.

   Тәуелсіздік-ащы дәм мен келген тәтті жеңіс.Бұл сөздің мағынасы түбі терең,тұңғиық теңіз астында жатыр.Осы себептен бе оның қадірін көбісі түсіне бермейді.

     Қазақ халқы қай заманда болмасын,ел басына қиын күн туған кезде бір жағадан қол,бір жағадан жең шығарған.Оған дәлел:

 Алаштың елім деген азаматтары.Кеңестік партияның құрамында болып солардың айдауында болған кездері ел ішінде ішінара аласапырандар мен көтерілістер болып тұрды,оның негізгі себебі халыққа қатігездік танытуы еді.Қазақ жеріне жасаған әділетсіздікке көз жұма қарай алмаған көзі ашық көкірегі ояу азаматтар ел басындағы қиындықты жою үшін қолдарынан келгенін жасады.Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялылары елдің рухын көтеру мақсатынды көптеген даңқты өлеңдер мен романдар,повесьттер жазды.Әйтседе  олардың 1938 жылы жалған «ұлтшыл» деген айыппен ату жазасына кесілуі әр қазақтың баласына қатты соққы болып тиді.Қазақ халқының басына тағыда ауыр соққы болып тиген оқиға ұлы отан соғысының басталуы еді.Бұл сұрапыл соғыстың басталуы бүкіл әлемді дүр сілкіндірді.Ел шетіне жау сарбаздарынын келгенін естіген,ел ішіндегі азаматтар сұрапыл майдан даласына аттанып,елімізді асқан ерлікпен қорғап қалды.Майдангерлердің қақаған қыстың аязына қарамай елді қорғауы еліміздің болашағын сәлде болсын айқындатқан еді.Дегенмен Кеңестік партияның бізге жасаған әділетсіздігіне төзе алмай,Желтоқсанның сол бір ызғарында еліміздің болашағын жарқын ете  білген жастарымыз орталық алаңға жиналып көптен күткен тәуелсіздікті алуға ниет етті.Мыңдаған студенттер оқу орнынан шығып қалып жатты,тіпті ату жазасына кесілген жастарда болды.Солардың бірі Қ.Рысқұлбеков ату жазасына кесілгендегі соңғы сөзі:

  Қайрат деген атым бар

 Қазақ деген затым бар

 Еркек тоқты құрбандық

 Атам десең атыңдар-Осы бір өлең жолдары әрбір қазаққа күш болып,көптеген қиындықтардан өтіп,асыға күткен тәуелсіздіктің  ақ таңына қол жеткіздік.Желтоқсан кезінде болған сол бір ызғар лебін жыл сайын сезінген кезде әрдайым ержүрек жастарымызды есімізге аламыз.

   Тұғыры биік,терезесі тең мәртебелі ел тұрғызу мақсатында көптеген оқиғалар болды.Бүгін болсын,кеше болсын осыдан 20 жыл немесе бірнеше ғасыр бұрын болған оқиға болсын біз ешқашан Тәуелсіз Қазақстанның ірге тасын қалау жолында кеткен қан мен терді ұмытқан емеспіз,ұмытпаймызда.Тәуелсіздіктің ақ таңын көру ата-бабамыздың асқақ арманы болды,олар осы арманы жолында қаза болды.Қазір тәуелсіздігімізді алып тыныш елде өмір сүріп жатқанымызға 30 жылдың көлемі болды.Қашан,қай кезде болмасын Тәуелсіздіктің қалай,қандай жолмен келгенін жадымыздан шығармағанымыз абзал болады.

 

   Дайрабай Фариза

   Қызылорда облысы,Шиелі ауданы



Бөлісу: