Сәби отбасы бақытының бастауы.Дүние есігін ашқан әр бір сәби ата -ана махаббатын көріп, отбасы жылуын сезінуге толық құқылы. Алайда,заманның ағымына қарай ма, жоқ адамның азғындауына орай ма, қаншама шарананы жарық дүние есігін ашпай тұрып зор бақытсыздық күтіп тұрады. Ол бақытсыздық ата-анасын аңсап, өзін өмірге әкелген адамдарды көруге зар болу. Бүгінгі тақырыбымыз жетімдіктің қамытын киген жетімдер жайында болмақ
Қазақстанда ең алғашқы балалар үйі 1918 жылы ашылған.
Кеңес өкіметі кезінде балалар үйінде 3 жастан 14 жасқа деінгі балалар тәрбиеленсе, 1956 жылдан бастап балалар үйінде болу мерзімі 18 жасқа дейін ұзартылды. Білім министрлігінің 2020 жылғы берген мәліметіне қарағанда елімізде соңғы он жылда балалар үйінің саны біршама азайған. 2010 жылы Қазақстанда 210 балалар мекемесі болса, 2020 жылы олардың саны 101 ге дейін қысқарған. Ал, 2021 жылғы мәлімет бойынша Қазақстанда 114 балалар үйі жабылған. Жетімдер үйінің қысқаруына әсер еткен негізгі фактор жетім қалған балаларды отбасына орналастырудың негізігі 4 нысаны бала асырап алу, қамқоршылыққа алу, патронттық тәрбие, патронттық отбасы әсер еткен.
Статистикалық мәліметтер дерегінше елімізде 23410 тастанды бала бар. Соның ішінде 17023 і қазақстандық отбасылардың қамқорлығында, 4035 і-балалар үйінде, 175 бала патронттық тәрбиеде болса 195 ін отбасылар асырап алған. Ал қанша қазақ баласынығ шетел асып кеткені тіпті белгісіз.?
Жетімдерді мемлекет тарапынан қамқорлыққа алу жөнінде елордамыз көш бастап тұр. Астана қаласында 838 баланың 54 не отбасы банкінен депозит ашылса, 48 баланың білім алу депозиттері бар. Жетімдер үйінде тұратын 2700бала мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу кезегіне қойылған. Жетімдер үйі түлектерінің 2019жылы 127 сі 2020 жылы 121і, 2021жылы 14 баспана алған. Тек бұл ғана емес елорда әкімдігі балалар үйінен шыққан жеткіншектердің мамандық алып, жұмысқа ораналасуына да айрықша көңіл бөлген. Соның нәтижесінде өткен жылдың ағымында түлектердің жұмысқа орналасуы 100 пайыз көрсеткішті көрсеткен.
Бірақ бұл ел астанасында ғана іске асқан нәтиже дегенмен елдің түрлі өңірлерінде кәмелетке толған соң балалар үйін босатқан түлектердің жағдайын да назардан тыс қалдырмау керек.Балалар үйінен шыққан соң паналар баспанасы, ішер киімі, жейтін асы жоқ балалар саны қанша екені деректерде көрсетілмеген. Әлеуметтік зерттеулерге қарағанда балалар үйінен шыққан түлектердің 10% ғана өсірге бейімделіп кете алады екен. Көпшілігі үлкен өмірдің алғашқы кезінде өз өзіне қол жұмсап, қылмыстық ортаға түсу қауіпі жоғары . Сарапшылар пікірінше жетімдер үйінен шыққан балалар өмірге тез бейімделуі керек, сондай ақ жоғары я болмаса кәсіптік білім алуға құқылы. Жетімдер үйінен шыққан түлектерге мемлекет тарапынан берілетін көмекті яғни тұрғын үй депозиттері, білім алу депозиттері үнемі тексеріліп, депозитке ақша ауларылуын да қатаң қадағалу міндетті. Себебі биылғы жылдың ағымында Талғар ауданындағы 50 түлек депозиттеріне ешқандай ақша аударылмағанын айтып,үй кезегінен де орын ала ала алмай Президентке өз хаттарын жолдаған еді
Қорыта келгенде біз қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған елміз. Жетімдеріміз жыламасын десек, оларға мемлекет тарапынан бар қолдауды жасайық өмір өгейсіткен қара көздерді ендігі кезекте біз өгейсітпесек екен