Таңғы ой

Емтихан уақыты. Қарбалас кезең. "Повышкаға" балы жетпей қалып "нерв" болып жүрген және "жай" шәкіртақыға іліккеніне шүкіршілік еткен тәлімгер қыз-жігіттер. Дүйсенбі. Кезекті экзаменге автобустың артында қалғып-мүлгіп келе жатқан Казима. Кенет, мұрнымың ұшына келіп тірелген жағымсыз иістің әсерін екі көзімді тырналай әрең аштым. Артыма бұрылып, айналасындағы адамдардың барлығын қолымен нұқып, аузына келгенін айтып, мазаларын қашырып отырған бір әйел "ананы" көрдім. Барша жұрт тұмшаланып, барынша қысқа қамданып жылы киінгеннің өзінде тісі тісіне тимей сақылдап жаурап жүрсе, бұл бейбақ кісі аяғы Жапон елінің картасы секілді тілім-тілім, ісігі денеңді дүршіктірердей жалаңаш жүр. Сонда бұл кісі ескі, жыртық аяқ киімде бұйырмайтындай соншалықты "жаман" әйел болғаныма? Қыстың қатаң күнінде жалаң аяқ жүріп, киіміне дәрет сындырып қойса керек (ұлы сөзде ұят жоқ). Автобустағы орыс апаларымыздың байбалам салуымен, жұртты әуре-сарсаңға салған "ана" жолдан "қолша" түсірілді. Айналайындарым ау, иа, жаман әйел, жаман "еркек" болатын шығар; бірақ "жаман ана", "жаман әке" болушыма еді?! Бұл кісіде ана шығар, сонда дүниемен қауыштырған аналарын тағдырдың тәлкегіне тастап, перзенттері қалай тыныш ұйықтап жүр?! Ойымда неше түрлі сұрақ. Өне бойым "мейірімсіз" адамдарға деген реніш, ыза-кекке толы. Адамдар, өзгермеңіздерші, әлеуметтік желіде емес "реальный" өмірде жүректеріңіз иманмен нұрлансыншы!

Десе де, айтайын дегенім бұл емес, жексенбінің кешін бөлелерім әдемі, әсерлі, рухани азыққа толы кешке айналдырды. Әр қойылымдары қадау-қадау ой айтатын "Өнер қырандарының" кезекті кешінің көрермені болып қайттық. Бөліп жарар дәнемесі жоқ, әр картина есте қаларлықтай керемет. Маған ой салған екі көрініс жайлы сөз етпекпін. Профессор мен шәкірті жаңалық ашу мақсатында орманға бет алып, маймылдарға кезігеді. Профессор: "Маймыл адам болады, кейбір адамдар секілді бірі жағымпаздықты, бірі "пара" алғанды, бірі ұрлықты жақсы көреді, бұл саған дәлел емей немене",-деп сөзін аяқтайды да бір рюмканы сіміріп алады. Бір сөз айтып, рюмкасын екі рет жұтып жүріп мас болып тұрғанда, бір маймыл келіп: "есіңде болсын: маймыл адам болмайды, адам маймыл болады" деп отырған 2000 адамның бірін қалдырмай, еріксіз шапалақ соқтырады. Сондағы айтпақ ойы, адамның қолына "100 грамм" арақ ұстатта, 20 минут уақыт берші, адам маймыл болып шыға келеді, мына жердегі маймылдардың бірі кезінде бизнесмен, бірі әртіс, бірі сұлу бойжеткен болған, осы арақ түптеріне жетіп, соңында, міне маймыл болып шыға келді дейді. Расында, сол ішімдікті ішпесек таңымыз атпай, күніміз батпай жатқан жоқ қой! Ойланайықшы?..

Екінші көріністе алтын іздеп аралға кезігіп, кері қайта алмай қалған, өмірлерінің көп бөлігін осы аралда өткізіп жатқан кешегі қыз бен жігіт, қазіргі ата менен әжелердің өмірінен үзіндіма деп ойлап үлгеріп жатқанымда, бұл жай арал емес "қарттар аралы" екенін ұқтым. Бірі тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп, жерге қоюға аяп, етегіне дәрет сындыртқан анасын, бірі бала шағында перзентінің сыңғырлаған күлкісін қимай, мойны талғанша "ат" болып ойнатқан әкесін, енді бірі баласы таршылық көрмеу үшін аяқ-қолы үсігенше далада жүрген әке-шешесін тастап кеткен. Барлық көріністі бір қарияның немересі жазған хаты түйіндейді: "Ата, қалыңыз қалай? Көптен бері келмей кеттіңіз ғой, мама мен пападан сұрасам сізді "күштііііі" жерде демалып жатыр деп айтты, ата, уайымдамаңыз, кейін менде ата-анамды сол жерге жіберемін" дегенде көзімнен жас домаланып түсті... Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді! Сый-құрметке лайықты, ер-азаматтар, жар таңдар кезде қателесіп кетпеңіздер екен, сізді жақсы көрмесе де, ата-анаңызды сыйлайтын болсыншы, тәрбиелі, текті жердің қызын алыңызшы! Құрметті нәзік жандылар, ардақты арулар, ер жігіттің төрдегі басын көрге, көрдегі басын төрге сүйрейтін мына бізбенен сіз! Нәпсінің бұйрығымен емес, ақылдың бұйрығымен, жүректің қалауымен тұрмыс құрыңыздаршы! Ұятта болса айтуым керек, 10 минуттық ләззат үшін бүкіл ғұмырыңыз бұзылып жүрмесінші! "Қызға қырық үйден тыйым" деп парасатты бабам тегінде, бекер айтпаса керекті, еріңіздің көңілін тауып, ата-анасын өз ата-атанаңызға қандай келін тілесеңіз, солай сыйлауға тырысыңыздаршы!



Бөлісу: