Таңғы базар
блог
Жанымда бірге жатқан құрбымды оятып алмайын деп жай ғана қозғалып, жатақхана есігін жауып кетіп барамын. Сағат алтыдан асып, жетіге барады. Күн әлі қараңғы. Күздің қара суығы денені сықырлатып, жүрісімді жылдамдатып барады. Аялдамадан керек автобусыма отырдым да вокзалға қарай жол тарттым. Тезірек жетсем екен, кешігіп бара жатқандаймын. Осылай асыққан кезінде жай басар болып кетеді ғой шіркіннің автобустары. Қойш, не керек маң-маңдап вокзалғада жеттім-ау.
Иә, расында да кешігіп қалыппын. Анам заттарымен сыртта мені күтіп тұр екен. Осыдан тура бір апта бұрын анашымды Астана поездна дәл осы вокзалдан шығарып салған едім. Енді міне күтіп алушысыда өзім. Қызық ойланып келемін, қалай барып келді екен? Оңтүстіктің суығының өзі оңай болмай тұрғанда, Астананың суығына қалай шыдады екен? Қалай барды? Қалай келді? Жақсы демалып ала алды ма екен? Сұрақтарымның барлығына жауапты анамның жай ғана жымиып нұрлана қарсы алған жүзінен алғандаймын. «Бері жақсы». Иә « бері жақсы, бәрі керемет!» деп тұрғандай ана жанары. Аман-есен барып келген болсаңыз бізге одан артық не керек деген деймін менде. Біраз амандық саулықтан кейін ауылға қайту жолын ақылдастық. Тегі екі дорба болып кеткен анам төрт дорба болып келіпті ғой. Такси жалдайық дегенге көнбейді. «Такси қымбат одан қалса әуелі базарға кіріп бірер зат алуым керек. Одан кейін ғана қайту.» Не керек дорбаланып автобуспен жүруге келістік. Жалпы мен есімді білгелі осындай. Анам да әкем де өте қатты адамдар. Әсіресе әкем, ақша жетіп тұрсада еш аттық зат алып бермейтін, артық қалтаңа салмайтын. Солай болғаны да дұрыс шығар.
Не керек дорбамызды арқалап, базарға да келіп қалдық. Мына заттарды сүйрелеп базарда жүру мүмкін емес. Келісіп мен базар кіре берісінде заттарға қарай тұрамында анам тез керегін алып келе қояды.
Күн жарқырап шығып тұр. Ауада баяғыдай емес жылық бар, сонда да, бір ызғырық бардай. Базар алды абыр – сабыр. Жайма базар сатушылары заттарын шығарып, реттеп, бүгінгі күнге қызу дайындалып кеткен. Бірлері енді келіп жатыр, енді бірі сауданың қызу үстінде. Айнала тұнған тіршілік, жан – жанжағыма қарап рахаттанып тұрмын. Таңғы базар өте керемет.Бар ойыммен базар адамдарына қарап, бір сәтке өзімді жоғалтқандаймын. Кенет осындай кереметті бір ащщы дауыс бұзғандай:
- Бар кет жоғал, сенен шаршадым! Бір басын ауырады, бір ішің
ауырады, бір ...өтің ауырады, бір аяғың қандай адамсын өзі!
- Кетемін отырмаймын!- деген зарланған дауыстар менің ойымды
бөліп жіберді. Менен тура жиырма қадамдай арыда отырған сатушы әйелден отырған орны үшін ақша талап етіп тұрған сыңайлы. Сатушы әйелдің зат дейтіндей заты жоқ 2-3 бу көк пияз, 1-2 бу шөп – шалаңнан басқа сатар заты да жоқ. Отырған жерінде орын деп болмас. Адам жүретін үлкен жолға цемент үстіне көпшік төсеп отыра салған. Бұл жердегінің бәрі сондай:
- Мен қайтам ауырып тұрмын,-деп заттарын жинастырып жатыр. Шынымен ауырып тұрма жоқ, әлде, төлер ақшасы жоқпа белгісіз амалсыздан қозғалып жатқандай. Бұны тыңдар, жаны ашыр әйел емес одан сайын құтырынып долданып жер – жебіріңе жетіп айытпаған сөзі қалмады. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес:
- Бар кет көзіме көрінбе! Ауырмақ түгілі, өлсең өл , екінші көзіме көрінбе, жолаушы болма!- зілді даусы денені түршіктіріп барады. Айтқан сөздеріне шыдай алмай, заттарымды амалдап арқалап базардың басқа жеріне орналастым. Ойымда екеуінде ақтар емеспін. Ақша жинаушы әйелдікі дұрыс емес, әрине, сатып тұрған зат дейтіндей затыда жоқ өзі зорға жүрген адамнан таң бозынан ақша талап еткені қай сасқаны. Сатушы әйелдікі де дұрыс дей алмаймын. Отырған жер қандай болмасын, нендей зат сатпасын базар болғаннан кейін ақшасын төлемесе болмайды. Сол жердегінің бәрі төлеп, бір өзі төлемесе әділдіктен болмас. Ей, ақша басқарған дүние – ай! Бұл дүние кімді не етпеді? Дәл осылай өз ойыма өзім батып бара жатқанымда, келгеніме бір минут болдыма, болмадыма, тағы бір жай назарымды өзіне аударды.
Менен шамада екі-үш адым жерде. Жасы елуден асқан, үстіне жұпыны ғана киінген әйел қолына бір киімді ұстап, әр сатушыға ұсынып сатып алуын өтініп жүр. Қолындағы киімнің ескі екендігі бірден көрініп тұр. Түтігі шығып, жеңдері созылып кеткен:
- Айналайын, алшы 200 теңге берсең болды. Өзің киерсің болмаса бала – шағаңа кигізерсің. Бала - шағама тамақ алып барайын. Мақыл 100 теңге берсең болды,- деп жалынып, жалбарынып барады. Сатушы әйел міз бағар емес. Тура бір көрмей, естімей тұрған адамдай. Жұмысы басынан асып жатқан адамдай бұл әйелге қарамауға, мән бермеуге тысып тұр. Құдды ешкім оған жалынып тұрған жоқтай. Киім ұстаған әйел есе қайтар емес. Енді жалынышты үннен зарланған, ызаланған дауыста тіл қатты:
- Сен қандай адамсың бергеніңді берсеңші, нан алайын ең болмаса бала – шағам аш отыр, балаларың бар ма өзіңнің жаңың ашысыншы,- бар амалымен жалынып тұр. Сонда да сатушы әйел қарар емес, тура бір ештеңке болмағандай өз жұмысымен одан сайын әуре. Мен бұл көрініске артық қарап тұру мүмкін емес. Бұл жерден де апыл – ғұпыл кетіп барамын. Әлі жалынып тұр. Өзіне қарасаң басқа елден келген сыған-ыған дегендерге ұқсамайды. Шегіп, ішіп, бұл өмірден баз кешіп кеткен қанғырбаста деп айта алмайсың. Жоқшылық қой қысып тұрғаны.
Олардан әлдеқайда алыс кеткеннен кейін ойланып тұрмын. Неге мен сол ақшаны ұсынбадым? Өзімде әлі күнге түсіне алар емеспін. Неге мен бермедім? Неге мен ұсынбадым? Қорықтым ба? Неден қорықтым? Жоқ әлде өз көзіме өзім сене алмадым ба? Білмеймін. Тек сол сәт алысқа барынша алыстау барып тұруға тырысқаным есімде. Меніңде әлгі тасжүрек сатушы әйелден айырмашылығым болмағаны есімде. Әлде, шынайы жоқшылықпен бетпе – бет ең алғаш рет келгенідігім бе? Бұл өмірде шыныменде дәл осыншалық мүшкіл жағдайды ең алғаш рет көргенімнен бе екен? Білмедім? Жалпы мен туылғаннан бері бір жоқшылық, аштық жетіспеушілік көрдім бе өзі? Жоқ!? Әкемнің анда-санда қаттылық қылып қалауынды алып бермей қойған кездері болмаса, қалғанының бәрі болды ғой. Не жеймін, не ішемін тіпті ойланғанда жоқ екенмін қазір ойлап тұрсам. Әкем алып бермеймін дегендегі қыңырылтарым есіме түсіп тұрып. Еркеліктерім көз алдымнан өтіп жатыр. Таң болып тұрмын. Ол жерден алыстап кеткем болсамда оның бейнесі зарлы даусы ойымнан кетер емес. Шын санамда жоқтық не екенін сезінуім. Тура Ғ.Мүсіреповтың «Қазақ солдатындағы» Қайроштың базар сатушысынан нан сұраған жағдайына ұқсайды. Иә дәл сол жағдай. Бірақ, ол кітапта еді ғой, Ғ.Мүсіреповтың кейіпкері еді. Сатушы сол кезде нанын берді ғой. Ал бұл жерде берген жоқ, қайырылыпта қараған жоқ қой. Міне, тағы бір жағдай үшінші оқиға.
Тағы да, сол, базар. Тағы да, сол, жоқшылық. Өзімнен біраз арыдағы жеміс-жидек, көкеніс сатып тұрған адамдар арасында алқам-салқам киінген. Шаштары алба -жұлба бір әйел анекдот айтып жұрттың бәрін күлдіріп, қайыр сұрап жүр. Жалпы оның зияны ешкімге де тиіп тұрған жоқ. Әзілін бар ықласпен айтып, қолын тоса қояды. Қаласаң бересің, қаламасаң жоқ. Әйтеуір сол жердегілердің бәрі риза, бәрі мәз. Көңілі толмай жатқан тек менің жанымдағы сатушылар. Сатушы кісілер өзідері білетін бар жаман сөзін арнап жатыр:
- Бұл қайдан пайда болды тағыда, не жоқ өзі бұған. Құрту керек қой бұндайларды!
- Бұл негізі ана базарда жүретін неге бұл жаққа келген. Сонда жүре бермеді ма. Сауданы құртан болды. Бұндайларды базарға жақындатпау керек,- деп өздерінен әлде қайда алыста тұрған қайыршыны айдалада тұрып, жерден алып-жерге салып жатыр. Мен өзімді қайда қоярымды тіпті білмей тұрғанымда анамда затыны алып кеттік дегендей икемденген кезде бұл жерден қаншалық асығып, апыр – топыр етіп автобусқа қалай отырғанымды өзімде білмеймін. Отырдымда тағыда ойға шомдым, ойланбау мүмкін емес. Бар жоғы жарты сағат ішінде осынша істі көрдімде таң қалудамын. Үш жағдай үш көрініс. Таңғы базар сен күнде осындайсың ба? Сен неткен қайырсыз, неткен жауыз едің! Осы сөздер ойымнан өтер екен мен өзімнің әлі жас қолымнан әлі ешнәрсе келмейтінің, әлі басымнан талай қиыншылық өтетінің. Бұл өмірдің қатал, жауыз екеннің іштей сезіп, дайындалып және осы өміріме аллаға сансыз шүкірлер айтып келемін...