Нұх пайғампардың уақытында Адам балалары бұзықтық қылып діннен шыққан соң, Алла тағала қаһар қылып, топан суын жіберіп, жер жүзіндегі адам, жануар бәрі қырылып, Нұх пайғамбар үш баласымен оның әйелдері Алла тағаланың әмірімен кемеге мініп аман қалыпты.Осы күнгі барша адам балалары сол Нұхтың үш баласы – Сам, Хам, Явастың нәсілі екен.
Барша түрік, иран, юнан, қытай, еуропадағылар-Явас нәсілінен.Барша араб, саур,мысырлар-Сам нәсілінен.Барша қара түсті жұрт-Хам нәсілінен.
XV ғасырда Қазақ хандығы құрылуына байланысты қазақ халқы біртұтас халық болып қалыптасқан.Қазақ шежіресінің тағдыры қазақ халқының тағдырымен тікелей байланысты.
Қазақ халқының ата жөн сұрауы қазірге дейін кең сипат алуы, қазақ шежіресінің алыста жатқанын дәлелдейді.Демек, «Қазақ халқы 200 ден аса рудан құралса,әр рудың өз шежіресі болғаны».Қазақ шежіресі-қазақтың ұрпақтан-ұрпаққа таралып келген ауызша тарихы.Сонымен бірге әр ата баласына «жеті атасын білдіруді өзінің борышы» деп қарайды.Қазақта «Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары» деген мақал осындайдан қалған.
Қазақ шежіресі бойынша қазақ халқы Ұлы жүз,Орта жүз,Кіші жүз болып бөлінуден бұрын «Ақарыс», «Жанарыс», «Бекарыс» деп бөлінген.Ақарыс-Ұлы жүз, Жанарыс-Орта жүз, Бекарыс-Кіші жүз.
Қазақ шежірелерінде айтылып, қазақ халқы ортақ мойындаған үш жүзге қарайтын негізгі рулар мыналар.
Ұлы жүз:Жалайыр, Албан, Дулат, Суан, Ысты, Сары үйсін, Сіргелі, Ошақты, Шапырашты, Шанышқылы, Қаңлы, Қатаған.
Орта жүз:Арғын, Найман, Керей, Уақ, Қоңырат, Қыпшақ.
Кіші жүз:Әлімұлы, Байұлы, Жетіру.
Әлімұлы-Қарасақал, Қараш, Кете.
Байұлы-Адай, Алшын, Жаппас, Алаш, Байбарақ, Беріш, Есентемір, Қызылқұрт, Шеркеш, Ысық, Таз, Масқар.
Жетіру-Табан, Тама, Жағалбайлы, Кердері, Керейт, Телеу, Рамадан.
Ал сіздің руыңыз кім?
Және бұл кітаптан Қазақтың қаһарман хандары мен Қазақтың қайдан шыққанын біле алдым!