Сыншыл өмір ме?, әлде сыншыл адамдар ма!?

Сыншыл өмір ме?, әлде сыншыл адамдар ма!?
жеке
блог

Барлық адамға өмірдің сынағы мен қиындығы қатар келеді, сол сынақты қалай қабылдайтынына байланысты адамның кім екенін анықтай алсақ, қиындықтан қаншалықты мүдірмей өткендігіне қарап сабырлы мінезі мен қайсар қасиетін байқай аламыз. Сынақ мұсылманға да, мұнафыққа да, атеистке де келеді. Бірақ солардың ішінде жүрегі иман нұрына толы адам ғана, кез-келген сынақты еңсере отырып, алға қарай ілгері жылжып, аспанмен таласқан армандандарын мақсатқа айналдырып, өз дегеніне жете алады.

Қазіргі қоғам өміріне көз жүгіртер болсақ өзінің өмірін емес, өзгенің өмірін қызу талқыға алар жандарды жиі байқап жатамыз. Бұның себебін әркім әрқалай түсіндіріп жатады. Дегенмен басқаның жеке өміріне көз жүгіртпес бұрын, өз өмірімізді барынша шынайы етіп, мінсіз өмір сүріп жатырсыз ба сол жайында ойлағанымыз жөн болар.... Күнделікті күйбең тіршілікпен айналысып жүріп, осы сынды қағидаларды естен шығарып жатамыз. Әлеуметтік желіде сағаттап отыратын бұл күндері өзгеге ауыр пікір жазып, өмірдің қиындығын әлі көрмеген бозбала жастардың ауыр пікір айтып, ақылсымақ болып жүргендер жандарымыз жетерлік. Неге біз өзгенің жүрген жолымен жүрмей жатып, оның ізін баспай жатып ол адам жайлы пікір қалыптастырып, негативті пікірлер ойлауымыз қажет. Бұл мүлде дұрыс емес!!! Дегенмен, бұны түсінер жан барма екен!? Түсінетіндер бар болғанымен, олардың аз екендігін айтпаса да түсінікті шығар!

Өмір дүниеге келген әрбір тіршілік иесіне әрқалай тосынсыйларын өзімен бірге ала келеді. Біріне уайымсыз, қайғысыз, баршылықпен қамтамасыз етілген өмір берілме, енді екіншісіне туа сала қиындығы мен қызығы мол өмірді нәсіп етеді. Өмір — ол үлкен жол. Өмір адамға бір – ақ рет берілген үлкен сый. Өмірдің мәні адалдық, адамдықта. Өмір арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнамызды тауып ағу біздің басты мақсатымыз.

Айналамызда пайда болған әрбір жанға қызғаншақтық, көре алмаушылық мінезін танытпай, өз мақсат-мүддеміз үшін күресе білуіміз қажет . Өзіміздің жақсы жақтарымызды көрсете отырып , әлсіздік , шарасыздық секілді тұстарымызды танытпауымыз керек . Біз өзгенің өмірін сүру үшін емес, өз өмірімізді қалыптастыру үшін дүниеге келгенімізді жадымыздан шығармағанымыз жөн!!!

Адам өзін — өзі тәрбиелеп бастаған сәттен бастап, алдына қойған мақсаттарына бірте-бірте қол жеткізе бастайды. Адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауымыз қажет. Өмір — арпалыс, күрес болғандықтан, әркез мықты екенімізді көрсетуден жалықпауымыз қажет. Бұл табиғат заңдылықтары. Өмірдің «бір кірпіші боп қалануға » бар — ынта жігерімізді салсақ қана ойға алған арман-мақсаттарымыз орындалып, мәнді де, мағыналы өмір сүреріміз анық!!!

Тоқтархан Елдана Ерболқызы