Шынайы сұлулық

Шынайы сұлулық
жеке
блог

Сырт келбетің қандай сұлу болса, ішкі жан дүниең соған сай болсын, жарығым. Сыртың сұлу, ішің ірің болғанның өзіңе де, жұртқа да пайдасы болмайды. Ең алдымен ішің таза болсын, сонда ғана сенде барлығы керемет болады. Ішкі дүниенің сұлулығы қазір аз, бірақ сен сонда да көркем болып жүр. Сонда ғана сен өзгелерден өзгешеленіп, көп жұлдыздың арасындағы ең жарық жұлдыз болып тұрасың.Көркем мінезді жандардың айналасына жақсы жандар шоғырланады. Ниетің түзу болсын, сонда ғана сенде барлығы оңалып жақсы болады.