Шүкірлік ет барыңа!

                 ...Шүкір!..

Мен ояндым таңғы салқын лебімен,

Жұпар иіс, көк аспан, қарлығаштың үнімен.

Аяғым сау, қолым ширақ, денем бүтін,

Әсем күнді бастадым мен "Шүкірмен".

 

Қызараңдап, күн де шықты "үйінен".

Әркім әуре өз ісінің күйімен.

Әрекетке кірістім мен де сыбанып,

Аяқтадым жұмысымды өз күшіммен.

 

Дәмді асты жей бастадым шетінен,

"Ана" ізі сезілер таңғы астың бетінен.

Асты жедім өз қолыммен, өз аузыммен

Дәмін сездім қызыл шұбар тіліммен.

 

Шүкір! Ата-анам бар қасымда,

Аға-әпкем бар қорған болған қасымда,

Бауырым бар "аға!" дейтін еркелеп,

Көмегін аямайтын досым да.

 

Уа, Замандас! Шүкірлік ет барыңа,

Бұдан асқан ұлы бақыт болсын ба?!

Бұл дүниелер қадірін білу үшін

Керек емес даналық пен ақыл да.

 



Бөлісу: