«Сапалы біліммен, саналы ұрпақ»

    ЖИ және Big Data кафедрасының эдвайзері Дуйсембаева Лаура 1-курс студенттерімен «Сапалы біліммен, саналы ұрпақ» атты кураторлық сағат  өтті.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей-ақ табылар» - деп ұрандаған, «Дала қоңырауы» Ыбырай атамыз ұлтымыздың ағартушылық тарихында және ұлттық мектептің қалыптасуында терең із қалдырды. Ұлы ұстаз өмірдегі сарқылмайтын мол байлық білім екендігін түсіндірген. Оның айтқан ұлағатты сөздері, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы қазақ халқы үшін ғана емес, әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесіне үлес қосып, бүгінге дейін құнын жоғалтқан жоқ. Қазақ халқының келешегі, жас ұрпақты, білімге, ғылымға шақырып, қандай нәрседен қашық болып, қандай нәрсемен жақын болу керектігінің сара жолын салып, анықтап берген ағартушы- ұстаз Абай бабамызды дүниежүзі халқы мойындап отырғаны анық. Фараби, Иран, Бағдат сынды қалаларда талай ұстаздың жүзін көріп, тәлімін кеңейткен Әл- Фараби бабамыздың дүниенің білім және ой тарихынан құрметпен орын алып, «Екінші ұстаз» атануы айтылған ой орамдарымызға нақты дәлел әрі көкейіңді кернер үлкен мақтаныш.

Студенттерді адамгершілікке тәрбиелеу, жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.



Бөлісу: