Сан-Францискоден қайтқан мырза

Сан-Францискоден қайтқан мырза
жеке
блог

 Не себепті А.П.Чеховтің шығармасы "Сан-Францискоден қайmқан мырза" деп аталады? Негізінде, Чехов шығармада бастан-аяқ  оны "Мырза" деп атайды. Оның түр-келбетін, жасын, кәсібін, ешнәрсесін сипаттамайды. Сол бас кейіпкердің әйелі мен кішкентай қызы бар. "Мырза" өмірбақи жұмыс істеп, бір тиынын шығармай сақтап жүреді. Тіпті, қызы ауырып қалғанда оны емдеу үшін ақшасын жұмсаған жоқ.Жылдар бойы жұмыс істеп, жоғары лауазымға ие болғаннан кейін, ол өз отбасымен Сан-Францискоге демалысқа бармақшы болады.Өз әйелімен және қызымен үлкен "Атлантида" кемесінің жоғары каютасымен, байлармен бірге сапар шегеді. Содан соң, Сан-Францискодегі ең қымбат қонақ үйде тұрады. Бірақ,  ол қонақ үйде бір күн де түнеп шыға алмай қайтыс болады. Яғни, ол сонша жыл тірнектеп  жиған ақшасының рахатын көре алмай көз жұмады.Тіпті, оның денесін алып кетер күні, қонақ үйдегілерді даурықтырмай, жасырын әкетеді. Өз туған жеріне жерлеу үшін "Атлантида" кемесінің ең астынғы бөлігіне салып әкеледі.Бұл жерде кеменің атауының өзінде үлкен мән бар. "Атлантида" - "жоғалған, батқан" дегенді білдіреді екен.«Әрине ақшаны шашуға болмайды, бірақ, егер өмірлік керек заттарға, тіпті, отбасыңа неге жаратпасқа?» деген сауал туындайды.Осыдан барып, адам баласының кейде өмірдегі ең маңызды ұғымдарға бей-жай қарап, атақ пен арзан абыройдың, сондай-ақ мал-мүлік пен ақшаның соңында кетіп ,бес күндік жалғаннан озып кете барғаны өте өкінішті.Адам әрқашан адам болып қалғаны дұрыс. «Мырза» атағы қаншалықты құлаққа әдемі естілгенімен, сұм өлімнің алдында дәрменсіз екенін осы шығармадан анық байқауға болады.Мағыналы әрі мәнді аталмыш шығарма оқырман санасында терең ой қалыптастырады.

    Антон Павлович Чехов

Әлемдік әдебиеттің классигі. Негізгі мамандығы-врач.Императорлық Академияның сыйлы академигі. (1900-1902)  Ең әйгілі әлем драматургтарының  бірі. Оның шығармалары 100-ден астам тілдерге аударылған. Оның "Чайка","Три сестры" және "Вишневый сад" атты пьесалары 100 жыл ішінде көптеген театрларда сахналанған.Жоғарыда берілген пікір Чеховтың шығармашылығындағы ең кесек туындылардың бірі -  «Сан-Францискоден қайтқан мырза» -ға арналған. Бір ғана шығарманың өзінде қандай құнды пікірлер мен мағыналар жинақталғанын аңғарамыз. Өмір өткелдерінде жиі кездесетін  сұрақтар мен іс-әрекеттер кез келген пенде үшін маңызды. Сондықтан Чеховтың есімі тек әлем әдебиетінде ғана емес, миллиондаған жандардың жүрегінде алтын әріптермен жазыла береді. Ал мен сіздерді сол әдеби саяхатқа бойлауға шақырамын.

Ермуханбетова Аружан

124 жалпы білім беретін мектептің
11 «ә» сынып оқушысы

Алматы қаласы