САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ!

САҚТАНСАҢ САҚТАЙДЫ!
жеке
блог

            Әр адамға ауадай қажет сипаттың бірі - сақтық.
Ол сипат адам өмірінде үлкен өзгерістер жасай алады.
Мүмкіндігімше сол жайлы баяндап көрейін.

Заттар мен мүліктер


Кейде адам, өзінің қымбат немесе қажетті затынан айырылып қалып жатады. Көп жағдайда, бұл адамның өз затына ұқыпсыз болуы, сақтық шараларын жасамауы себебінен болады. Мысалы, ол затын өзгелерге қолжетімді жерге қоюы, сала салуын айтуға болады. Ұрланбаған жағдайдың өзінде, сол жерден түсіп те қалуы мүмкін.

Денсаулық


Адамның өз денсаулығына қатысты сақтанбауы, болашақта ауру-сырқаттарға тап болуына себеп. Мысалы:

-          Салқын күндері жұқа киіммен жүруі(суықтан болатын ауруларға әкелуі, белсіздік пен бедеулік);

-          Тағамды тым ыстық күйде жеуі, ішуі(асқазан ауруларына әкелуі мүмкін);

-          Ұзақ уақыт аш жүру немесе артық тамақтану(асқазан ауруларына, артық салмаққа әкелуі мүмкін);

 

Киім үлгілері

 

Дене пішімін әйгілеп тұратын, тәнінің ұятты жерлерін ашып тұратын киімдер киюдің де арты адам үшін үлкен зиян болып  жатады, бұл да сақтанбаудың түрі. Мысалы:

-         Әйел адамның ашық киінуі жаман ниетті еркектердің нысанасына айналып, олардың қолына түсіп қалуына себеп. Оның арты жеңіл жүріске салынып кетуге, некесіз жыныстық қатынастарды әдетке айналдырып алуымен жалғасады. Әрі қарай жүкті боп қалу, түсік тастау және бедеу боп қалу қауіптері туындайды;

-          Қоғамда бұл бір жыныстылар арасындағы арсыз әрекеттерге жол ашады;

-          ұят секілді адами құндылықтар осылай киінген адамның бойынан кетеді.

 

Эротикалық кинолар мен бейне роликтер көру

 

     Осы тектес кинолар мен бейне роликтер көру – адам өзінің рухани жан дүниесінің құндылықтарын сақтамаудың мысалы бола алады. Бұл әсіресе бозбалалар мен бойжеткендер, әлі үйленбеген қыз бен жігіттерге, жалпы ақыл тоқтатпаған кез келген адамға қауіпті.

Себебі, бұл жерде көбіне ерекше рахатқа бөлену, керемет сезім күйлерін өткеру ретінде некесіз қатынастар көрсетіліп, әртүрлі тәсілдермен жарнамаланады.

Негізі бұл өнімдердің мақсатының бірі ақша табу болса, басты мақсаты қоғамда осындай арсыздықтарды кеңнен жайып, ішінен ірітіп тоз-тозын шығару, жанұялық құндылықтарды аяққа таптайтын, безбүйрек әке мен аналарды көбейту(негізі олар әке мен ана деген қастерлі атауға лайық емес), некесіз туған балаларды және тастанды балаларды көбейту, басында ойы жоқ бір сәттік қызықпен өмір сүретін адам тектес құбжықтарды көбейту.

    Мұндай ақпаратты қараудан сақтанбау төмендегі кесапаттарға әкеп соғады:

-          осындай әрекеттерге бойы үйреніп, қызық көріп жақындай бастайды;

-          Санасынан орын алып, осыған қатысты пікірлей бастайды және өзіне сынап көруге аңсары аууы мүмкін;

-          жоғарыда айтқандай, адамның негізгі мақсатын ұмыттырып, тек бір сәттік ләззаттар үшін өмір сүруге қалыптасып қалу қаупі.

 

«Жаспыз ғой бәрін көріп-білу керек» немесе «қатардан қалмау керек» деген түсініктердің нәтижесі

 

             Ашық айтсақ осы тіркестерді қазіргі кезде көп қолданады, бұл көпшілікке өмір сүрудің бір заңы іспеттес болып қалған. О баста бұл жақсылықтары көп, қазақ қоғамында айтылса, тек игі мақсатта айтылдығына салт-сана мен сал-дәстүр дәлел.  «Жігітке жеті өнер аз» - өнермен жарысу, өнерлілердің қатарынан қалмау болса, «қыз өссе елдің көркі», «қызды қырық үйден тыю» - дей тұра бәрін көріп білу керек деген сөздің, адамның өз-өзін ақтау үшін айтылатынын аңғару қиын емес.

Бей берекет некесіз қарым-қатынаспен жүріп, тұрып жатқан әйел тектілер қалай елдің көркі болады, керісінше елдің қасіреті ғой. Ал өз ұлтынан болған өз қарындастарын алдап кеткен, нәпсісін тия алмай шауқатын басуды ғана ойлаған, ондай ер адамдар қалай отанын қорғайды, қорғамақ түгілі осы әрекетімен сатып кетіп жатыр ғой.

Осы ұстаныммен жүрген адам неден сақтанбайды:

-          арақ-шарап ішуді теріс көрмейді;

-          құмар ойындар ойнаудан тай салмайды;

-          наша тектес заттарды қабылдап көруге болады деп те ойлайды;

-          некесіз жыныстық қарым-қатынастарды жүру ол үшін қалыпты жағдай көрінеді және ол үшін қысылып ұялмайды(нәтижесі, алданып қалған әйел, ажырасып шырқы бұзылған жанұя, жетім бала).

            

           Енді қалай өмір сүру керек? Оның жауабы, ықылым замандардан қалыптасып мықты ел болған, осынша жер мен ұлы тарих қалдырған ата-бабаларымыздың діні мен салт-дәстүріне оралу. «Батыс мәдениетіне» еліктеу қажет емес, оның нәтижесін өздеріңіз көріп біліп отырсыздар.  Қандай артықшылық бар оларда,  айтайын бір жыныстылар некесі, жанұя түсініктерінің болмауы, ата-анасын құрметтемеу, тастап кету, материалдық дүние үшін өмір сүруі,  рухани құндылықтарының таяздығы және т.б. Өкінішке орай, осындай көріністер бізде де байқалады, міне «батыс мәдениеті». Ғылым мен білімді батыстан алу керек, бірақ олардың салт-санасы мен рухани қасіреттерінен сақтанайық.

Қыздардың шет елдіктердің материалдық жағдайына қарап тұрмысқа шығуы, алдымен өз өміріне балта шабуы, одан кейін өз ұлтының өсіп өркендеуіне кедергі жасауы. Негізі қазақ қызын тек мұсылманға үйлендіретін болған. Қазір оның дініне қарап жатқаны шамалы. Ертең не жейтіні, балаларын қай дінмен не жегізіп өсіретіні, адал ма арам ас па болашағын ойламайды. Басқа халықтың санын көбейтуге бара жатқанын ескермейді.

        Шындықты есту әсілі көп адамға ұнамайды. Бірақ, тәкәппарлықты ысырып, ескертулерден сабақ алса, жамандық атаулыдан сақтануды үйренсе, түбі өкініште қалмайды. Әр адам бақытты болғысы келеді. Тәңіріміз Алла ақыл деген нығымет берген, оның үстінде адасып кетпес үшін адамның нұсқаулығы ретінде дінін де берген. Жеңіл әрі бақытты өмір сүру үшін әлбетте. Сондықтан бізге салт-дәстүріміз бен дінімізді мықтап ұстануымыз қажет.