Ричард Фейнманның өмірі бойынша қызықты деректер

Ричард Фейнман - физика және ғылым саласындағы ең көрнекті өкілдерінің бірі. Нобель сыйлығының иегері, ол тек қана өз ғылыми жұмыстары үшін әйгілі болмаған. Ол өз өмірі туралы екі автобиографиялық шығарма жазған. Осы шығармаларда ол өз өміріндегі қызықты оқиғалар туралы жазған. Ал, оның өмірі оқиғаларға, шын мәнінде, толы болған. Лос-Аламоста ол генералдың сейфін бұзып ашты. Ал, бір лекциядан шығып, ол барда бейтаныс кісілермен төбелесті. Осы әңгімелермен танысуға үшін, оның "Әрине, сіз қалжындайсыз, мистер Фейнман" кітабін оқуға шақырамын. Ал, осы мақалада оның әңгімелеріне қысқаша мәлімет берілген.

1. Фейнман және электроника.

 

Ричард Фейнман кіші жасынан бастап, электроникамен айналысқан. Жасы 13-те, ол өз бөлмесінде сигнализация құрастырды. Әке-шешесі түнде бөлмесіне кіргенде, сигнализация шиқылда бастады. Сол сәтте, ұйқтаған Ричард, қуанып, төсектен тұрады және сигнализация жұмыс істегеніне қуанды.

Алайда, оның жас кезіндегі ең қызықты оқиға ол радио жөндеу жұмыстарымен байланысты. Бір күні, ол көрші үйге радио жөндеу үшін барды. Радио, музыка ойнамай, тек қана бір шиқылдайтын дыбыс шығарды. Фейнман: "Осы дыбыс лампалар жақсылап қыздармағаннан шығады," - деп ойлап, радионы жөнде бастайды. Сол кезде, радионың иесі оның қасына келеді. "Сен не істеп тұрсын? Сен радионы әлі ашпадың ғой. Сен оны қалай жөндейсін?" - деп айтқан. Осыған Фейнман: "Тұра тұрыңыз. Мен ойлап отырмын," - деген жауап берді. Бес минутта Фейнман радионы жөндеді. Осы оқиғадан кейін,көрші Ричард туралы: "Осы бала радиоларды ойлап жөндейді," - деп, айта бастаған.

2. Фейнманның алғашқы махаббаты.

 

Ричард өз алғашқы махабатын, Арлин Гринбаумды, еврейлердің тойында кездеседі. Олардың арасында бір үлкен байланыс пайда болды және олар бірге жүре бастады. Ричард MIT-ға кеткенде, олар басқа балалармен кездесуге бастады. Алайда, бір бірінің арасындағы байланыс туралы ешқашанды ұмытпаған. Кейін, Ричард пен Арлин үйленеді. Алайда. олардың отбасына сәтсіздік келеді.

Арлин туберкулезбен ауырап кетеді. Ричард осы диагнозды дәрігерлерден бұрын қояды, бірақ тәкәппар дәрігерлер оны тындамайды. Фейнман Манхэттен проектіне жұмыс істеуге барғанда, Арлин онымен бірге барады және Альбекурке емханасына жатады. Лос Аламоста болғанда, Ричард емханаға жиі барады.

Алайда, Арлин қайтыс болады және Фейнман үлкен депрессияға түседі. Тек қана бір жыл өткеннен кейін ол өз қайтыс болған әйелі жайлы жыла бастайды. Екі жыл өткенде, Фейнман Арлинге арнап хат жазады. Хатты орыс тілінде осы сілтемеде қарауға болады.

3. Лос-Аламостағы қарақшы

 

Лос-Аламоста жұмыс істегенде, Фейнман системадағы қателерді табуға тырысты. Сондықтан, ол мыңдаған наразылық хаттарды жазды. Бірақ, оның ең қызықты күрес тәсілі - басқа жұмысшылардың сейфтарын бұзып ашу. Фейнман Америкадағы ең маңызды сырларды ұстаған сейфтерді ойнап ашып тастаған. Сол себептен, ол коллегалардың құлыптарымен олар ашық болғанда ойнаған: осылай оған кейін оларды ашуға жеңілірек болды. Оған қоса, ол оның коллегалары қандай комбинациялармен қолданылатынды ойлап болжады. Мысалы, бір ғылым өз сейфіне 27-18-28 деген комбинация қойған, өйткені Эйлердің саны, е, 2,71828 тең.

Бірақ, оның апофеозы кейін келді. Бір күні офистеріне үлкен генерал келді. Өзімен ол бір дәу сейф әкелді. Бір күні, генерал Фейнманды шақырады және сейфты ашуға бұйрық береді. Фейнман ештеңе айтпай сейфке 1234 комбинациясын еңгізеді. Сейф ашылады. Генерал фабрикада қойылған комбинацияны ешқашан ауыстырмаған.

4. Суретші Фейнман

 

Жасы үлкендеу болғанда, Фейнман сурет салуға үйрене бастайды. Бұрын мүлдем сурет жазбаған, ол үйрену үшін суретші мектебіне барады. Осы мектепте шәкірттер көбінесе натурадан сурет салады. Бір күні, студияларына бір әдемі қыз келеді. Киімін шешіп, ол суретшілердің алдында жалаңаш тұрады. Біріншіден, Фейнман ұялады. Алайда, кейін ол өз үйіне модельдерды арнайы сурет салу үшін шақырады.

Фейнман өз суреттерін көрмелерге қойған. Ол өз суреттерін псевдоним атынан сатқан. Фейнман сөзінен бойынша, сурет сату ең тамаша сезім береді. Бөтен адамдар сенің жұмысына қарап қуанады. Сурет мүлдем басқа мағына табады.

5. Стрип клубқа құмар профессор

 

Қартайған жасында, Фейнман стрип клубқа жиі бара бастады. Оның сөзі бойынша, әдемі қыздарға қарағанда, оның ғылыми қабілеттері жақсырады. Ол өз әдетін әйелінен жасырмаған және кей кезде стрип клубқа онымен бірге барды. Ол клубтың қожайына арнайы сурет сыйлаған.

Алайда, идилия бір күні бітті. Стрип клуб қожайыны сотқа апарылды. Сот бойынша, ол заңсыз әрекеттермен айналысқан. Стрип клуб қожайыны куәгерлерді іздегенде, ешкім өз абыройына күйе жаққысы келмеді. Алайда, Фейнман куәгер ретінде сотқа келді. Ол өзі Калифорния Технология институтының физика профессоры болғаны туралы айтқан. Фейнманның сөзі бойынша, стрип клубтың көрермендері, қожайыны және билеушілері - жақсы адамдар және стрип клуб - қоғамға керек нәрсе. Кейін, Калифорния газеті Фейнманның стрип клубты жақсы көретін туралы сынайтын мақала шыққан. Алайда, оның сөзі сот нәтижесіне әсер етпеген. Стрип клубты жауып қойды.

Осы және тағы басқа әңгімелерді сіздер Фейнманның кітаптарында таба аласыз. Шын мәнінде, Фейнман өз ғасырының данышпаны болды. Келесі блогта мен тағы басқа әңгімелер туралы жазамын. Оқығаңызға рахмет!



Бөлісу: