Өзіңді тап

   «Әр адамның өмірінде екі маңызды күн бар: біріншісі – оның туылған күні, екіншісі – өзінің не үшін туылғанын түсінген күні» (Уильям Барклей). Өмір – жай жүретін кеңістік емес! Өз орныңды тауып, «кірпіш боп қалану қажет».

   Өзіңді қалай табасың? Не үшін маңызды? Алдымен осы сұрақтарға жауап берейін. Біріншіден, әр адамның өмірге келу себебі болады, әр адам бұл өмірде бақытты болуы үшін жаратылған. Сен күнде таңертең ұнатпайтын жұмысыңа барып, күндерің шаршаумен, өзіңнің дамуыңа көңіл бөлінбей өтіп жатса, сен бақытты болғаның ба? Өзіңді табу деген – өз ісіңді табу деген сөз. Бұл – ең маңызды таңдау! Өзіңнің ұнататын ісіңді тауып, сонымен айналыссаң, саған ақша оңай келеді  және сен «қартаймайсың». Бұларды оқып отсаң, айтқан нәрсені ойланбай, орындау керек. Өйткені, көп сүзгіден өтіп, дәлелденген тұжырым ғой.

   Енді өз ісімді қалай табамын? Отырып, қағазға саған ұнайтын бес ісіңді жаз. Соның ішінен қатты ұнайтын екеуін таңдап ал, енді ойла, қайсысы саған жақын және ақша әкеледі. Бұл техниканы өзім қолданғам. Айтарым осы.

   Видео түсіріп жүріп қалай бай болам деме, Қыран Талапбекке қара, тамақ істеп қалай байыймын десең, Нұсретке қара. Құпия - ынта, махаббатта жатыр. Өз ісіңді сүйсең, бәрі мүмкін. Сүйетін ісіңмен айналысып, жақсы ақша таба алсаң, өзіңді жан-жақты дамытып, өзіңе шексіз мүмкіндіктер сыйлап, әлемді аралай алсаң – үлкен бақыт, міне, өзіңді таптың!

   Қорытынды: бар болып жүрме, өмір сүр. Айтқан техниканы қолдан. Сәттілік!



Бөлісу: