Өзгенің өмірі. Екінші әйел

Өзгенің өмірі. Екінші әйел
жеке
блог

2014 жыл болатын. Жаңадан оқу бітіріп, дипломмен жұмыс қарастырып, ағам уақытша жұмыс дайын болғанша коллеждге жұмысқа кіргізді. Методист болғанымен, мен ол жерде сабақ беретін (неофициально) болдым. 

Ішінде бір студентім болды. Ерекше қабілеті бар, көзі жанып тұратын. Қосымша жұмыс істеп, оқуын ақшасын жауып, жаста болсада өмірдің ащысын көрген. Оған қарап мен өмірдің еш қиындығын көрмеген екенмін дейтінмін. Қарны аш екенін білемін, жейтін әр-түрлі нәрсе әкеліп беріп жүрдім. Кейде ақша беремін. Аз-аздап дайынға дәмеленбесін деп. 

Бір күні " Айгерім апки" деп жылап келді. Үйіндегілер оқуын ақшасын төлей алмай қиналған, сол сәтте қызын біреу айттырған кезде, әкесі келісім бергендігін айтты.

Мен тұрмысқа шыққым келмейді деп жылайды. Не істесем болады деп, ақыл сұрап келді. 

Ол қыздың өмірі енді ғана басталып келе жатқанда өзің қаламасаң барма дедім. Ол адамды маған көрсетті. Маған мүлде ұнамады. "Қазіргі кезде дипломсыз жұмыс жоқ, ең болмаса диплом ал содан кейін көресін. Кім білсін алда не не тұрғанын диплом болса, қолдағы нанын, ешкімге сенбе, 1 ғана жыл қалды" деген едім. Мен сол жігітке мүлде сенген жоқ едім.

Содан жылдар өтті. Мен тұрмысқа 2019 жылы, 26 жасымда шықтым. Аяғым ауыр. Есік алдында таза ауа жұтып, серуендеп жүрсем, скамейда темекі шегіп отырған бір қызға көзім түсті, жанындағы қызды бірден таныдымда, атын атадым. Айгерім апки деп қуанып кетті. Біраз отырып сөйлестім. Ажырасып кеткендігін сезіп отырдым. Екі қызы бар екен. "Айгерім апки сіздің айтқаныңыз тура келді" дейді. Түн ортасында іш көйлекпен бала-шағасымен ұрып қуып жіберіпті.

Диплом жоқ. Қолда екі бала. Жұмыс жоқ. 

Енді өмірді жаңадан бастаймын деп отыр. Бірақ, жанындағы құрбысы ұнамады. Қандай өмір бастайтынын кім білсін, іштей тағы бір күмәнім бар...

Екінші әйел. 

Тәрбиелі, көргенді отбасыдан шыққан, оқыған, жұмысы бар қыз. Бір басына жетерліктей ақылы бар. Өте пысық. Өте сүйкімді. Артынан ерген жігіт көп. Айттырғанының ешқайсысына келісім бермейді. Іштей бір шикілік барын сезіп жүрдім. Бір күні өзі атқарылып айтты. Өз қалағаным бар деді. Бірақ ешқашан қосыла алмаймыз. Неге, себеп? Үйленген. Ажырасқанба? Ия. Баласы барма? Үндемеді. Біреу болса, бір бала дер еді. Соған қарағанда не екеу, не үшеу. Жасы каншада? Үлкен. Жасын нақты айтпағынана қарағанда 13-15 жас үлкен болғаны. 10 жас болса, қыз балаға болады дейтін едік. 

Соны ғана сүйемін, ғашықпын дейді. Ол еркек біріншіден, жас қыздың әбден басын айналдырып алған, оған ол сөз емес (Ол опытный) есі кеткеніне қарағанда тек жақсы тұсын көрсетіп жүр. Мейлі сондай жақсы адам делік. Жақсы болса неге ажырасты? 

Бір күні бала өседі. Ааа,ок ол үлкен болса бала қазір мектепте, жыл сайын сезонный киімдерін апереді. Бір күні студент боламын дейді. Оны оқытады. Сосын бір күні құда болады. Сол жерде "Екінші әйелім" деп таныстырады. Екінші әйел деген атақ өмір бойы беріледі. Соған дайынсыңба? Әке-шешең үйіне басыңды, еңсеңді тік ұстап бара аласыңба? Ел-жұрт сөзін көтере аласыңба? Қызың осындай ажырасқан, баласы барға беретіндей қызының не кінәраты бар еді деген сөзді әке-шешең көтере алама? 

Осы сұрақтарды қойғанымда қыз үнсіз қалды. Бұл сұрақты маған бір ай бұрын қойған болатын, бүгін нақты жауап жазып тұрмын. Себебі, бұл сұраққа көп ойландым. "Махаббатсыз тұрмысқа шығып едім, осы ақылды тыңдап" деп жүрмесін дедім. Мен ақыл бермеймін. Бұл сұрақтар. Жауап бере алса іштей, бәріне дайын болса, келісімін берсін. Бұл таңдау. Бұл оның өмірі. Өз-өмірі өз қолыңда! 

Басында жазғанымдай, сол қыздың тағдырын Алла маған сездірдіма білмеймін, әйтеуір қаламаған едім, соңы осылай болды. Мна екінші жағдайды сезіп тұрмын, қызды қимай тұрмын. Өмірі қор болама деп. Кім білсін, алда не тұрғанын? Мен жай ғана себепшімін. Бір Аллаға аян кімнің алдында не тұрғаны. Бірақ, бұл әлі шешім қабылдаған жоқ, яғни дәл қазір өз қолында. Алла алдына таңдау салды. Екі, үш жігіт айттырып келіп отыр. Қайсысын таңдасаң тағдырын сол, дегендей. 

Құрметті оқырман! Жас қызға қандай кеңес берер едіңіздер? Жақсы көрмейді, жігіт өте пысық, қызға бәрін жасауға дайын, ұнатып тұр, ешқандай өткен өмірі жоқ, бойдақ, қарапайым. Екіншісі жоғарыда бейнелеген өткен өмірі бар, жасы үлкен жігіт, оны қыз қалса тұр.

Осы жерде жігіт сүйсе алады, қыз сүйсе қалады деген мақал сәйкес келіп тұр

Өз пікіріңізді қалдырыңыз?