Мерзімді әскер қатарына шақырылушыларға қойылар талап? Борышын өтеуге дейінгі процесс қандай? Медициналық тексеріс қалай жүреді? Бұл сұрақтар көпшілікті мазалайтыны рас. Әсіресе, болашақ сарбаздың ата-аналары мен туған-туыстары білуге асық. Жауап алу мақсатында Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бас сұқтық.
Барған бойда бір топ жастар медициналық тексерістен өтіп жатты. Жергілікті әскери басқару органдарының, денсаулық сақтау және құрылымдық күштердің өкілдерінен құралған шақыру мен медициналық комиссиясы олардың бойы, салмағы, тыңдау, көру қабілеттерін қарап, әскер қатарына қабылдау туралы шешім шығарды.
Аудандық, қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімдерден іріктеліп келген азаматтар департаменттегі жатын орындары мен асxанасы.
Осында 2-3 күн тұрақтаған соң шығарылған шешімге байланысты ҚР Қарулы Күштерінде, ҰҚК Шекара қызметінде, Президенттің Мемлекеттік күзет қызметінде, сондай-ақ, ҚР ІІМ Ұлттық Ұланының қатарында әскери борыштарын өтеуге аттанады. Биыл өңірден 1991–2000 жылы туған азаматтар борышын өтеуге алынуда.
Ертеңгі күні Талдықорған қаласының «Жастар» саябағында «Әскер қатарына шақырылушылар күні» атты патриоттық акция өтті.
Әскери борышын өтеушілерге Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов пен Алматы облысының қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы, подполковник Талғат Дәулетханов тілегін білдірді.
Салтанатты түрде шығарып салған азаматтар ҚР Қарулы Күштерінің қатарына жіберілді.
Алматы облысынан шақырылған азаматтар өзінің моральдық және дене бітімі тұрғысынан мықтылығымен ерекшеленеді. Өңір озат облыстардың қатарында тұр. Жыл сайын төрт мыңнан астам шақырылушы мерзімді әскери қызметке аттанады.
Сөйтіп 40 күн өткен өткен соң, Әскери ант қабылдап, Отан алдындағы қасиетті борышын өтеуге кіріседі.