Алла Тағала адамзатты жер бетіндегі ең саналы жаратылыс ретінде не мақсатпен жаратты?Бұл бәрінің көкейіндегі сұрақ болар бәлкім...Осы сұрақтың жауабына бір сәт үңіліп көрдіңізбе? Олай болса бірге байқап көрейік.
Алла Тағала адамзатты Алланы танып, ғибадат етсін деп жаратты.Босқа уақыт өткізіп,біреуге қастандық қылсын деп емес.Төзімділігін байқайын деп сынақ берді.Аллаға қарсы шығып, күнәхар болсын деп емес.Осыны кей адам түсіне бермейді.Алла Тағала бәрімізді үнемі жамандықтан алшақ етеді.Бір белгі беріп, арам ойдан арылтады.Дегенмен, кейбіреулер оны түсіне бермейді.Өмірдің қатыгездігіне кінә артып сүттен ақ, судан таза боп шыға келеді.Бірақ, түбінде, ақ пен қара ажыратылар кезде, жасаған ақымақтықтарын түсінген кезде өкінеді.Өкінгеннен не пайда?Ештеңе орнына қайта келмейді.Бір нәрсе екінші рет қайталанбайды...Өкінбеу үшін өмірді дұрыс сүре білу керек.
Өмірді дұрыс сүру үшін бізге көп мүмкіндік берілді.Ойды тынықтыру үшін, бойды шынықтыру үшін таза ауа, таза су бар.Дем алу үшін түн бар.Амал ету үшін күн бар.Жарығын төгер ай бар.24-сағат уақыт бар.Бірақ осылардың парқын түсінбей асығамызда жатамыз.Қайда асығамыз?Келсек кетуге асығамыз, бастасақ аяқтауға асығамыз. Неге?Әр нәрсенің өз орны, уақыты бар емеспе? Алланың өлшеп берген уақытынан бір минут кеш, бір минут ілгері әрекет ете алмайсыз.Несіне асығасыз? Асығу былай тұрсын, бір-біріңді сыйламайсың.Көшеде, үйде, жұмыс орныңда айналаңа сыйластықпен қарасаң ештеңең кетпейтіні анық.Дегенмен, біз үйтпейміз.Сабырлық сақтап күтпейміз.Қорыта айтқанда, өмірдің берген сыйлығына тоймаймыз.Уақытты үнемдемейміз, ешкімді сыйламаймыз.Бұл- адамгершілікке жатама?Жоқ...Бірақ оны түсірнер, сіз жоқ ,біз жоқ.Ақыр соңында берілген мүмкіндікті пайдалана алмағанымызға өкінеміз.Одан не пайда? Бәрібір өткенің қайтып келмейді емеспе?