Өмір - тіршілік иелеріне берілген сый.Адамдарға берілген мүмкіндік.Адамның басына қонған бақ.Екінің біріне келе бермейтін мүмкіндік.Неге олай айттым? Себебі жаратқанның жер бетіне,мына жарық дүниеге әкелетін,жаратып,мүсінін қалыптастырып қоятын миллиондаған,миллиардтаған пендесі өте көп.Тіптім шексіз.Бірақ,солардың ішінде нақты қай пендесінің мына өзге уақытша,жалған әлемге келетіні бір Аллаға аян.Ешкім білмейді.Миллиардтаған пенденің ішінен біреуін жерге,мына өмірге топ етіп түсіре салғанда,қалайша біз мұны басымызға қонған бақ демейміз?! Сан мың адамның ішінен сені,мені,бізді таңдады.Мұның өзі өмірдің бізге берген тосын сыйы.Бірақ біз әлемде теңдесі жоқ сыйлықтың қадіріне жетіп жатырмыз ба? Жоқ.
Қазіргі қоғамдағы,әлемдегі ең өзекті мәселе дейміз бе,ең көп кездесетін,екінің бірінің күнделікті аузынан тастамайтын сөзі дейміз бе,жағдайы дейміз бе,өмірге шағым айту,өмірге келгеніне өкіну,өмірді жек көру.Иә,иә рас.Мұны ешкім жоққа шығара алмайды.Жоққа шығара алатын бір ғана адам бар.Ол өмірдің шынымен де мәнін түсінген,сана-сезімімен сезінген адам.Сезіне отырып,әр күнін,әр сағатын,әр минутын,әр секундын бақыт пен шатыққа,қуанышқа толтырып жүрген немесе толтырған адам ғана жоққа шығарады.Әлі күнге дейін мені бір сұрақ мазалайды.Жасым небәрі он жетіде.Енді ғана нағыз өмірге қадам басамын.Осы жасыма қарамастан,осындай өмірдің ащысын да,тұщысын да көріп қойған адамның құдды бір ойындағындай сұрақтар басыма келеді. «Өмір тек қиыншылықтардан,сынақтардан тұрса,бәрін біле тұра яғни ол адамның өмірге деген болашақта құлшынысын біле тұра,өмірді бәрібір жек көретінін біле тұра ол адамды неменеге мына жарық дүниеге әкелді?, неменеге пайдасыз адамды дүниеге әкелді?,жарайды өмірге әкеліпті,бірақ неге бәрін бақытты қылып емес,неге бәрін бақытты қылатындай жеңіл дүние,ақша,бақ бере салмайды?. Дегенмен өмір әліде болсын ашылмаған құпияларға толы.» - деген сан-қилы,бір осындай қызық сұрақтар мазалайды.Өзіме-өзім «Өмірді сүре-сүре көреміз.» - деп қоямын.Шындығына келгенде иә.Өмірдің мәнін,бәрінен қымбат екенін,өмірді сүре-сүре,жасымыз өсіп,өзіміз қартайғанда ғана түсінеміз.Оған дейін «Өмір» деген сөздің 1 ғана әріпімен,«Ө» деген әріпімен ғана таныс боламыз.Өзіме-өзім қойған сұрақтардың әлі бірде-бір нақты жауабын тапқан жоқпын.Әлі ешкімнен көңілім толарлықтай жауап та алғаным жоқ.Жауабын таппағаным да,білмегенім де дұрыс шығар. «Өмір» деген 4 әріпті,1 сөзді өзім көріп,жетік білуім үшін,өз сұрағыма өзім жетістікке жеткендей қуану үшін,жауап беру үшін әзірге білмегенім дұрыс шығар. Кей-кезде ойыма,жан дүниеме бір өмір туралы сұрақтардың жауабы сап етіп келе қалады.Бұл өмірге адам баласы өзінің миссиясын орындау үшін келеді. Алла Тағала әрбірімізді осы өмірге белгілі бір мақсатта әкеледі екен.Біреуді осы уақытша өмірге,бір пендені құтқару үшін,біреуін мына әлемнің көзін ашу үшін,біреуін әлемнің немесе өз елінің даңқты,атақты адамы етуі үшін,енді біреуін жасынан ғалым,дана,ғұлама етіп,халықтың көзін ашу үшін өмірге әкеледі.Сол қойылған мақсатын орындап біткен соң,қайтадан келген жеріне кетеді.Қамшының сабындай ғана өмірде біз қуанып та,қайғырып та,бақытты болып та,бақытсыз болып та,өмірдің бізге берген мүмкіндігін тосып алып та,кей-кезде мүмкіндігін жіберіп алып та үлгеруіміз қажет және үлгереміз де.Бірақ осы жоғарыда айтылған тізімнен өмір сүруді қиындататын,өмірден түңілдіріп жіберетін сезімдерді мүлдем сызып тастасақ қайтеді?. Өмірдің бір-ақ рет берілетінін біле тұра неге тосын сыйға ұмтылмасқа,неге осы өмірді пайдаланбасқа,уысымыздан шығармай әр секундымызды шатыққа толтырмасқа?! Таңмен таласып тұрып,ризық-несібемізді тосып алып,күнде қуанып,адамдарға рақмет айтып,махаббатымызды білдіріп,күліп-ойнап,өмірдің әрбір мүмкіндігін қалтқысыз жібермей ұстап алып неге кірпіш болып берік қаланбасқа?! Бәрі өз қолымызда! Тек бір мәселе бар.Ол мәселе мына өмірдің бізге берген қиындығында емес,ол мәселе мына адамда,бізде.Ол мәселенің аты:Адамның өзіне-өзі жасаған шектеуі.Психологиялық тұрғыда: «Адамның эгосы».Эго-шектеу,тоқтату,өз ішінде жатқан дұшпан.Бізде осы дүние басым. Адам баласы «өмір» десе бірден: «қиындық,қиындықпен жетістікке жету,жалған,әділетсіз,жек көру» - деген,сөздермен астастырамыз.Бірақ,осы миымызда құрап алған артық шырмаулардан құтылатын уақыт келді.Атақты,әйгілі адамдардан: -««Өмір қандай?»-деп сұраса: - Өмір керемет,сүре білген адамға.»-деп жауап береді.Олар эгосын жеңе білген адамдар.Оның бізден,менен,сенен еш айырмашылығы жоқ.Демек бұдан «Өмірді біл де,сүр де,күл!» деген шешімге тоқталамыз.Барлығымыз бір жаратылыспыз.Тек өмірдің тосын сыйын құшақ жая қарсы алсақ болғаны.Ары қарай өмір сеніңкі! Ал мен өмірдің маған дайындаған шексіз сыйына сенемін! Құдды бір өмірге не үшін келгенімді де білетін тәріздімін.Бірақ ол ары қарай жұмбақ болып қалсын.
Өмірдің әлі ашылмаған құпиясы да, сыры да көп.Оны қазірден қазбалап білудің де қажеті жоқ.Тек әрбір уақытымен,Алланың келетін бұйрығымен келетін мүмкіндікті қоржынымызға жинап,уысымыздан шығармай ұстап қалсақ болғаны.Ұстағанда да жай дүниені емес,екінші рет келмейтін уақытты,өмірдің саған,маған,бәрімізге берген
несібесін ұстап қалу қажет!