Өмірдің мəні

Өмірдің мəні
жеке
блог

Өмір адамға бір-ақ рет берілетіні баршаға мәлім.Алайда сол қысқа ғұмырды босқа өткізіп жүргендер қаншама? Өмір болған соң ащысы мен тəттісі, қызығы мен қиындығы қатар жүреді.Адам өмірді қалай сүргісі келсе, солай өмір сүреді.Себебі құқық өздерінде. Дегенмен, бұл,күнде сауық -сайран  құру немесе тек ұйықтау емес.Өмірдің өзінше талаптары бар.Мектепте бірінші мұғалім сабақ беріп, кейін сынық  алады.Ал өмір бірінші сынақ алып, кейін сабақ береді. Өмір осындай.Біреуге қатыгез,ал біреуге кеңінен құшақ жайған.Əркімнің тағдыры əр түрлі,бірақ өмір біреу. Уақыттар зымырап өте береді , таң атады, күн батады.Күн өткен сайын біреулер өсе бастайды, ал біреулер өше бастайды. Бұл өмірдің заңдылықтары. Қызу тіршілік,өмірге деген талпыныс ,дүние қуу мұның бірі де  өзгермейді. Адамның міндеті кәлимаға тілін келтіріп,иманын жүрегіне бекіту. Пайғамбардарды мойындап, Алланы мадақтау. Бес уақыт намаз оқып , қайырымдылық жасау. Қолдан келгенше зекетті барынша көп беру. Сонда ғана біз айналамыздағылармен , қоғаммен,адамдармен татулығымыз күшейе түсері анық. 

Қасым Аманжолов ағамыз:

Ей, тəкаппар дүние ,

Мағанда  бір қарашы.

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы ; - деп өлең жолдарымен жырлаған.

Адам баласы өмірге құштар. Бірақ, жасы өткен сайын ажалы ойлай бастайды.Біреулер дүние есігін жаңа ашқанда, біреулер алжыған күйінде қаза болады. Əр пенденің басына жазған тағдыры бар . Оны еш бір адам баласы сөзсіз өзгерте алмайды.Бұл да бір өмірдің кезекті заңы.Қиындықтарға төзе алмай , өмірден түңіліп кеткендер қаншама? Қиындықтарды жеңу үшін ешкімнен қолдау көрмегендердің соңғы амалы өзіне-өзі  қол жұмсау.   Бұл əрине шарасыздықтан.Адам адаммен бейбіт болса, бір-біріне қолдау көрсетсе қоғамдағы  алапат қиындықтардың шешімі шешіледі.Бұл маңызды элементтер. Екі адамның жақсы болуы, қоғамның тыныш болғаны деген сөз. Осындай күрделі мəселерді шеше алсақ , өмірдің жаңа бір есігі ашылуы əбден мүмкін. Қайран қазағым өмірді  жаңа, жақсы арнаға бұрайық!