Өмірден қысқа сыр...
- Сіз мені шын сүйесіз бе?!
- Жоқ...
- Неге?!
- Себебі шын ғашықтар қосылмайды...
* * *
- Әке, әкетай...?
- Ау, қызым?
- Гүлдер солып жатыр?!
- Анаңды сағынған ғой...
* * *
Оны жаңбырдың астында қолшатырсыз күтті қорғаным деп. Алайда...
* * *
- Мама, мама, қоқыста қуыршақ жылап жатыр.
- Тастап кеткен ғой.
* * *
- Жинал, көшеміз!
- Қайда...?
- Ақша айдаған жаққа.
* * *
- Сіз үшін мейірім қымбат па, ақша ма?
- Тастандыдан қандай мейірім сұрап тұрсыз?!
* * *
- Досым, мен саған дәулетіңе жетерлік байлық берейін, бірақ осы қайыршылығыңды қойшы.
- Керек емес екеуі де бірдей, алайда қайыршылығымда дәулетте жоқ мейірімділік бар.
* * *
Жолдар. Адастыратыны бар.Алысы бар. Жақыны бар. Бірақ барар жері бір.
* * *
- Әке?
- Иә, айта бер, балам...
- Ертең мен өскенде мамам екеуіңіз атам мен әжем сияқты қарттар үйіне барып тұрасыздар ма?!
* * *
- Ата, бүгінгі шаңырақ көтерген жастарға көңіліз тола ма?
- Әй, журналист бала, несін сұрайсың, баяғының шаңырағын кереге көтерсе, қазіргінің шаңырағын несие көтеріп жүр ғой.
Жалғас ӘЛІМҒАЗЫ.