Өмір туралы не білесіз?

      Туылғаныңнан бастап, сен дамисың, өзіңді жеке тұлға ретінде қалыптастырасың. Өмірдің әр қырларын, қалай сүру «инструцияларын» уақыт өте келе тани бастайсың. Ешқандай болатын зат идеалдылық көрсетпегенімен, барынша жақындауға тырысумен өмір сүресің.

      Өмірімнің тек 21 жылын көрсемде, Аллаға шүкір, барынша өмір дегеннің не екенін түсінуімен өтудемін. Жасымның көруіне қарай, менің де өзімдік ойларым қалыптасқан. Кейде сол ойлар дұрыс, кейде бұрыс құрылып жатады. Шындық – ол жалғыз. Өмірдің шындығына үнемі көзімді жеткізгім келеді. Оның мәнін, неге қажет екенін, қалай жалғастыру керек екендігі менің білгім келетін сұрақтарым болып табылады. Олардың жауабын үлкендердің әңгімесінен, кейде кішілерден, кинофильмдерден, әке-шешемнің айтқан ақылдарынан тауып, жауап ретінде санамда қалап жатамын.

     Маған жиі қызық болатыны, мен не үшін өмірге келдім, оны қандай жағдайларда жалғастыру керек екендігін білу болды. Арман, мақсаттың не үшін қажеттігі, сәтсіздіктердің алатын орны, бәрі жайлы білу өте маңызды болатын. Әсіресе, ұлттың берген тәрбиесімен, құлдық санамен емес, шын мәнінде қандай екенін айқындау... Осының мағынасын білу маған өмірдегі алатын орнымды, не үшін жаралғаныма түсінік беретін секілді.

       Пенделік және күйбең тіршілікпен жүретін оймен, жетістікке жетіп жатқан қатарластарымды, немесе одан да үлкен кісілер туралы білгенімде, жасырмайын, қызыға да қызғана қарап жататынмын. Ойлайтынмын, мен де дәл сол жолмен жүрсем, дәл сондай қарекет жасасам, дәл сондай бола аламын деп. Бірақ, ондай ойларды маған осындай нәрсе керек па, менің соған жеткенім мені бақытты ете ала ма деген жауап берілмеген сұрақтармен қаланады екен. Өмірде әр адамның жүруі тиіс мезгілі мен, болуы тиіс мекендер әртүрліше болады екен. Әркімнің маңдайына жазылғаны, өзінің тағдыры, өмірлік бағдары болады. Былайынша, жеңгем айтатындай “Айдана, өмір деген білген адамға, шынымен қиынның қиыны екен. Тек оны сәйкесінше сүре біл”, деп. Мүмкін, ойларсыздар, бұл не деген өзін жоғалтқан қыз деп)) Дегенмен, сіздерде осындай сұраққа тап болды деп ойлаймын. Шынымен сіз үшін өмір дегенміз не?



Бөлісу: