"Өмір өрнегі"

"Өмір өрнегі"
жеке
блог

    Адам баласы дүниеге келген сәттінен бастап өмірдің түрлі өренгімен танысады. Алдынан жақсылық шыға келсе болды, артынан жамандық та қалыспайды. Өмірдің өрнегі мен өткелдері өте көп... Оған төзе білетін қайсарлылар да бар, шыдамай берілетін әлсіздер де жоқ емес. Адам баласы өміріндегі әрбір сәтті бағалай білуі керек. Себебі, енді дәл осы сәт ешқашан да дәл осындай көңіл-күймен, дәл осындай уақытпен қайталанып келмейді. Өмірде егер қиындық кездессе сен өзіңді батыр және батыл адаммын деп есепте. Құдай басқа қиындық берсе міндетті түрде шешу жолын да көрсетеді. Бірақ, осындай қиындықта сүрініп қалатын адамдар өте көп. Оларды әлсіздер деп дөп басып айтқан жарамайды. Ол адамдарға рухани түрде өте үлкен көмек қажет. Ең бастысы ол жақындарының қолдауы.
    "Адамның күні адаммен" деген даналық сөз бекер айтылмаған. Бұл өмірге адам болып келгенімізбен, "АДАМ" деген асқақ лауазымды арқалап жүру өте қиын. Адам екендігің сенің өміріңде кездескен адамдарыңа деген қарым-қатынастарыңнан білінеді. Білесің бе, бұл өмірде саған кездескен барлық адам бекерден-бекер емес. Әрқайсысының арқасында саған әкелген бір жүгі бар. Ол жүктің саған пайдалы болуы немесе пайдасыз болуы мүмкін. Ол сенің сол адамға деген қарым-қатынасыңа байланысты. Сенің өмірің өз қолыңда. Адам өзіне жолыққан кез-келген проблеманы шешіп өмірге жаңа бір өрнек сала білуі тиіс. Өміріңнің шимай-шимай болуы немесе болмауы өз қолыңда екендігін ұмытпағайсың. Адам болып туылғандықтан осы лауазымға сай бола білуің керек. Адамгершілік деген ұғым сенің өміріңнің ең басты бөлшегі. Сенің өміріңнің жақсаруы немесе жаман жаққа күрт өзгеруі осы адамгершіліктітің арқасынлда жүзеге асады. Адамдар, бір-бірімізді бағалай білейік, құрметтейік. Барлығымыздың өмірде лауазымымыз әртүрлі болғанымен өмірге киімсіз, ешбір дүние-мүліксіз келіп, барлығымыз бірдей ақ орамалмен ғана кететіндігімізді ұмытпайық. Бір-бірімізге жақсылық жасасақ өмір өрнегіміз де сондай жақсы, әдемі болатынына сенімдімін. Өмірімізді тек қана әдемі өрнектерге толтырайық!