Өмір кезеңдері
жеке
блог
блог
Өмір деген өте қызық.Бұл өмірде түрлі тағдырларға куə боласың.Өмір бірде қолыңды көкке жеткізсе,бірде құздан құлатады.
Бұл өмірдің бізге берері мен бізден алары да бар.Адам баласы бұл өмір жолына түскендіктен,өмірдің ащысы мен тұщысын да татады.Өмірдің қызықты сəттерінен гөрі қайғылы кездері есте қалады.Өмірді 4 кезеңге бөліп қарастыруға болады...
1 Балалық шақ
Естен кетпес,қайта оралмас бақытты ,армансыз шағымыз.Еш алаңсыз таң бозарып атқаннан күн қарайып батқанша далада достарымызбен ойнап жүріп,ата-анамыздан таяқ та жеп алатын қызықты күндеріміз еді.Əттең,бұл күндер қайта айналып келмес арман шағымыз...
2 Жастық шақ
Күліп-ойнап өмірдің қызығын еш алаңсыз көріп жүріп,бірден үлкен қадам жасайтын маңызды кез.Қадам жасай отырып келешегімізді анықтап,өмірдің үлкен ағымына түсетін шағымыз.Бұл кезеңде жіберген қателік келешек өмірге үлкен соққы болуы мүмкін .Сондықтан өміріміздің осы кезеңінде алға қойған мақсатымызды дұрыс бағамдай білу керек.