Өмір жаңғырығы

Өмір жаңғырығы
жеке
блог

Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғани сүрініп кетіп: «А-а-а-а!» деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан “А-а-а-а! ” деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап: “Сен кімсің?” деп дауыстағанда, Ғаниға:”Сен кімсің?” деген жауап келді. Ғани түкке түсінбей жынданып: ” Сен қорқақсың!” – деп айқайлады. Таудан шыққан дауыс та: “Сен қорқақсың!” деп жауап берді. Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап: “Әке, бұл кім өзі?” деп сұрады. Әкесі: ” Ұлым, менің сөзіме құлақ сал”, – деді де тауға қарап тұрып: “Мен сені жақсы көремін!” деп айқайлады. Таудан: “Мен сені жақсы көремін!” деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап: “Сен әдемісің!” деді. Жауап: “Сен әдемісің!” деді. Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді: “Бұл жаңғырық. Жаңғырық адам баласына көп нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, оның сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті қаласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол!” angimeler.wordpress.com сайтынан алынған