Өмір деген....
Өмірде әртүрлі жағдайлар болып жатады. Алдыңда нендей тосын сый күтіп тұрғанын болжап білу мүмкін емес. Бүгін бәріне керексің. Ал, ертең, ертең ше? Ертең ешкімге керек емессің. Адмадар құдды бір жоспарлап алатындай, "Мынаның өміріне бір сәтте бәріміз келеміз де, бір сәтте бәріміз бірге кетеміз" - дейтіндей. Алдыңда әрқашан қателігі бар, я болмаса, қателігі жоқ таңдау тұрады . Дұрыс жолды таңдасаң, алдың нұрланып, аяғыңды бақ орар. Ал... ал... қателессең ше? Не болмақ? Әрине жалғыз қаласың. Басқа не дейсің? Өзің құлаған жардан өзің шықпасаң, сені ешкім де құтқара қоймас. Кезінде "Сен менің барымсың!" - деген адамдар бір сәтте қолдарын тартып, сенен алыстауы мүмкін. Мұндай сәттерде жақыным деп жүрген жаманыңның кеткеніне өкінесің. Ол кетті... Бірақ сен, өкінесің. Сол қайдағы жоқ сенің өміріңнің бір бөлшегіне айналған адам үшін қапаланасың. Қателікті өзіңнен іздейсің, бар ақ пен бар періште адам сол сияқты көрінеді. Өзіңді оның алдында тізерлетесің. Бірақ уақыт өте келе ол адамның да қателігі аз болмағанын, оның да періште болмағанын түсінесің. Еріксіз езуіңе күлкі оралады. Бірақ бұл күлкі ненің табы екенін түсінбейсің. Мүмкін маңызы болмай қалған жайттың мәніне енді қанық болғанына күлген боларсың... әлде .... керісінше ... өткеннің маңызы жоқ екенін түсінесің. Алдыға жылжисың. Қателітеріңді ұмытқандай кейіп танытасың. Бірақ , бірақ ұмытпайсың. Себебі ол мүмкін емес. Өткеніңді жадыңнан сыза алмайсың. Дегенмен алдағы өміріңе сабақ та алып, жарытпайсың. Басыңды тауға да тасқа да соғасың. Сыналасың...сұрыпталасың...өзгересің, бірақ өзгермейсің, дәлірек айтқанда өзгергендей кейіп танытасың. Кейіп танытасың...қайда барсаңда...сонда ойланады екенсің. Өмір деген екіжүзділік таныту ма деп. Себебі екіжүзді пенделер әбден саған сабақ берген.
Өмір деген екіжүзділік емес. Өмір деген - жаныңның тазалығы, арыңның тазалығы, адалдығың, ақымақтығың, қателігің. Өмір деген - атауға тұрарлық нәрсенің барлығы, тек адам емес. #күндебейнеңкүлгенмен. #madam_mazasiz