Оқуды жеңілдететін үш қағида
блог
Сан жылдар бойы білім алу әр адам баласына міндет болып келді. Шынында да, білім өмірдегі көптеген есіктердің кілті болып табылады. Алайда, кей кездерде оқу қиынға соғуы мүмкін. Біз тез шаршап, бір нәрсеге шоғырланып, үңіліп оқуға мүлде күшіміз жоқ, еріншектік бізді жаулап алады. Бұның бәрі біздің оқуға деген бұрыс көзқарасымыздан пайда болады. Мен сондай жағымсыз әдеттерден жойылу және оқу процесін жеңілдету мақсатында бірнеше кеңес ұсынамын.
Біріншіден, бәрімізге мәлім бола бермейтін жайт ол дем алу қағидасы. Біз үлкен көлемдегі жұмысты атқарған соң міндетті түрде ең аз дегенде 5 минут дем алу қажетпіз. Осы 5 минуттық дем алу ол жұмысқа мүлде қатысы жоқ іс-әрекеттер болу қажет. Ол мысалы ән тыңдау, басқа шаралар туралы ойлану, кішігірім жаттығулар немесе таза ауаға шығып дем алу және т.б. Адам ағзасына дем алу балыққа судай қажет, себебі демалыссыз біздің ішкі батареямыз тез өшіп қалуы мүмкін, біздің энергиямыз таусылып жұмыс сапасыз орындалады. Соған байланысты, оқыған кезде де, сапалы әрі нәтижелі білім алу үшін, сонымен қатар, оқу процесі жеңіл түсу үшін бізге жүйелі түрде дем алу қажет.
Екінші қағида, ол дұрыс тамақтану қағидасы. Бұл қағида да біздің денсаулығымызбен тікелей байланысты. Яғни, салауатты тамақтану ол біздің миымыздың жұмысына тура әсер етеді. Қара шоколад, көкөністер мен жеміс-жидеткер, дән-дақылдар, ет тағамдарын тұтатын болсақ, біздің ақпарат қабылдау механизміміз де дұрыс жұмыс жасайды. Білім алу қолымызға келіп, кез келген жұмыс тез әрі сапалы орындалатын болады.
Үшінші қағида ол оқу процесін дұрыс жүйелеу, яғни таймменеджментпен қатар оқу керек ақпараттык бәрін алдын ала жоспарлап, жүйе құру керек. Бұл жолмен сіз көп мөлшерде уақыт пен күшіңізді сақтай аласыздар. Себебі, адам жасау керек деген жұмыс мөлшерін алдын ала көріп, оны жоспарлап қойса, осы жоспарды жүзеге асыру қиынға соқпайды. Сіз осы жоспарды бүкіл күнге бөліп, күннің бірінші жартысында белгілі бір жұмыстарды бітіріп, екіншк жартысында басқаларын жасайсыздар. Сондай жолмен сіз алтын уақыттарыңызды кетірмей, оны дұрыс деген шараларға, яғни оқуға бағыттап, білім алу жеңіл болады.
Оқу-әр адамның саналы тұлға ретінде қалыптасу жолындағы ең құнды әрекеттердің бірі. Тек білім арқылы біз өзімізжің кещ келген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз. Ал оқудан ләззат алып, нағыз сапалы білім алу үшін бұндай ең маңызды үш қағиданы ұстану қажетпіз. Солардың арқасында оқу процесі жеңіл беріліп, өзіндік даму қиынға соқпайтын болады.
photo: yandex.kz сайтынан