Өкпелеме

Өкпелеме
жеке
блог

Айналама қарасам бəрі өкпелі

Дайын тұрады, мыңды сырын шерткелі

Азиз ана өкпелі баласына

Ал баласы өкпелі анасына. 

Өкпесі бар біреудің үкіметке

Ренжулі біреулер ауыр дертке 

Енді бірі өкпелі бастығына

Тым талапшыл, қатал ол дейді сонда.

Өкпелейміз түк кінəсіз уақытқа

Жеткізбедің дейміз нағыз бақытқа. 

Немесе тым тез өттің деп ренжиміз

Біреулерге өтпей жатқан уақытқа.

Өкпелейміз , кінəлаймыз барлығын

Өкпелеп қап қалағанын алды кім?!

Есің жиып ойлап көрші бауырым 

Қанша күнде өкпе арқалап ауырдың?!

Өз таңдауың тұрған шақта қолыңда

Ренжімесең ашылады жолың да,

Айналаңды кінəлап, сынап, өкпелеп,

Тағдырыңа, таңдауыңа налыма

Өз өмірің тек өзіңнің қолыңда!