Немқұрайлы ата-ана,бақытсыз бала.

     Сәби дүние есігін ашар алдында,жаратушымен тілдеседі екен. Ол "мен қорқамын,мен ол жаққа барғанда мен қалай өмір сүрем,мені кім қорғайды,маған жаман мен жақсыны ажыратуды,өсіп,адам болып қалыптасуыма кім көмектеседі?!".Сонда жаратушы "сен ол жаққабарғанда сенің қорғаушы періштең болады.Ол сенің анаң".

     Сол себепті әр ана өз баласының қорғаушы періштесі.Оның тәрбиелеуші,ақыл айтушы,яғни,адам қылып дамытушы. Ана,ол әрбір сәбидің жерге шыр етіп түскеннен бастап оның ең жақын досы.

      Әр сәби дүние есігін ашқаннан бастап ол өз ата-анасын үлгі тұтады,солардан өнеге алады."Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің"-деп дана ата бабам бекер айтпаса керек.Ал,қазіргі таңда оны біліп жатқан ата-ана жоқ.Бала туылғаннан оны  күтушіге тапсырады,тәй-тәй басқаннан бала -бақшаға жібереді,мектеп жасына жеткен баласын ғаламтордың торына қалай салғанын байқамай қалады.Бәріне топырақ шашқаным емес ,бірақ көпшілігі сондай. Сол бір безбүйрек аналар және тасбауыр әкелер,баланы жүз адамның құшағынан, өз анасының бір сипалағаны артық, жүз профессордың айтқан ақылынан,әкенің бір әсерлі ақылы артық екенін түсінсе ғой!

       Баласына немқұрайлы тәрбие беретін ата-аналар,сол балаларының ертең жанашыр болатынына қалай сенеді екен?! Жұмыс,ақша деп жүретіндер кейін үш аяқты болғанда,асты-үстіне түсетін,бала махаббатын бөлетін бала бола ма екен?!

     Сондай ата-ана қолында өсіп жатқан бала,балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жетім баладан не айырмашылығы болады?!



Бөлісу: