Америка және Еуропа жұлдыздары өздерінің әлеуметтік желі парақшаларында #knotonmyplanet ("Менің планетамның түйіні" сөзбе-сөз қазақша баламасы) хэштегімен орамалдарын немесе киімдерін түйіндеп байлаған суреттерін салып, адамзатты қайырымдылық жасауға шақырды. Бұл шара әлемде пілдер санының жойылып бара жатқанын ұмытпай, оларды сақтап қалуды көздеді.
Бүгінгі таңда жылына 30000, ал әр 15 минутта 1 піл аңшылықтың құрбаны болып отыр, олардың құнды азулары үшін адамдар ашкөздікпен өлтіріп, заңсыз сатуы барысында пілдердің саны қарқынды азаю үстінде. Енді оларды тек адамзаттың адамгершілік қасиеті ғана құтқара алады. Осы мақсатта Пілдер Дағдарысы Қоры құрылып, ол қазір жүріп жатырған Нью Йорк сән апталығы алдында әлемдік жұлдыздар арқылы ғаламтор жүйесінде жария етілді.
Бұл күрделі мәселеге үлкен назар аударту жолында Даутцен Крёз, Миранда Керр, Адриана Лима, Наоми Кэмпбелл, Кара Делевинь, Джоан Смолс, Джиджи Хадид, Карли Клосс секілді сән бикештері және тағы да басқа әлемдік деңгейдегі жұлдыздар біріге қызмет етуде. Knot On My Planet деп аталатын қоғамдық жобаға қайырымды жандардың бөлген қаржысының жүз пайызы пілдерді сақтап қалу жолында жұмсалады.
Пілдер — өте күрделі, әрі мейірімді жануарлар. Олардың арасындағы қарым-қатынас бір-бірі туралы терең әрі мәңгілік естеліктер арқылы сақталады.
Пілдер ештеңені ұмытпайды. Біздер де оларды ұмытпайық!