Мүйіз сұраймын деп...

Мүйіз сұраймын деп...
       Дені сау ұлт- болашақ кепілі,  ия шыныменде солай. Қазіргі Қазақстанның ұстанған идеясыда осы болатын. Қазақ елінің жастары шетінен шымыр, спортқа да бейім келеді. Ұлт саулығының жанашыры, споршыларымыз әлемдік ареналарда  Еліміздің туын жоғары желбіретіп  жүр. Денсаулық –зор байлық демекші, қазіргі жастардың бұл жетістіктері әрине көз қуантып жүр. Ал енді мәселеге оралайық, біреулер тоңып секіреді, ал біреулер тойып секіреді. Қазіргі таңдағы белең алып келе жатқан адам ағзасын сату мәселесі соңғы үш жылда тіптен арта түсті. Біреулер ауырып ем іздеп жүрсе, ал біреулер ауру іздеп жүр. Бүйрегін, бауырын тіптен жүрегін сатам деп жүрген жандарды қазіргі қоғамда кездестіру қиын емес.
        Ғаламтор бетін ашсаңыз болғаны, «ағзамды сатамын» деген жарнамалардан мезі боласыз.  Бұл қазіргі қоғамның ауруына айналды. Ағзасын сатып біреуге өмір силайды, әрине ол қуантарлық жағдай, ал шын мәнісіне келер болсақ ол адамның өзі кеміс болып қалады емеспе. Ол адамдар ағзамды сатып біраз ақшаға кенелемін, сосын бақытты өмір сүремін деп ойлайтыны айдан анық. Бірақ денсаулықты ақшаға сатып алуға болмайтынын әлі жіті түсінбей жүр.«Аман-саулық» қоғамдық қорының жетекшісі Бақыт Түменова да «дене мүшелерін сатқалы жүргендер – қаржыдан қысылып, материалдық жағдайын түзеп алуды көздеген адамдар» деген пікірді қостайды. 30 жылдық дәрігерлік тәжірибесі бар Бақыт Түменованың  сөзінше, «бір бүйрегін сатқан адам, егер екінші бүйрегі сау болса, өмір сүре береді, бірақ денсаулығына төнетін қауіп те ұлғаяды» - дейді.  Астаналық Нұржан Шәріпқалиев ғаламтор желісіне «дене мүшелерімнің барлығын сатуға дайынмын» деп жарнама жасаған. Осылайша ол өз ағзаларының барлығын сатып 350 мың доллар табуды көздеген. Оның сөзінше, өзінің «өмірде ештеңеге жарамайтынын» түсінген соң осы іске бекінгендігін айтады. «Ең болмаса өзгеге көмектесіп, әке-шешеме 50 миллион теңге қалдырып кетсем де жаман болмас», – дейді 31 жастағы Нұржан. Бұл жігіт  хабарландыру берген бір жыл ішінде бір адам ғана хабарласып, бүйрегін 15 мың долларға сатуға сұрағанын, бірақ ол бағаға келіспегенін айтады. Қылшылдап  тұрған  жас жігіттің мұндай қылыққа барғандығы кімді  болса да, бей жай қалдырмасы белгілі.
         Қазақстанның қарқындап дамып келе жатқан кезеңінде мұндай жағдайлардың балақтан тартқаны жөн емес. М.Әуезовтың «ел боламын десең бесігіңді түзе»деген сөзі осыған айтылғандай. Мүйіз сұраймын деп құлақтан айырылып қалмасақ болар еді...


Бөлісу: