Мүмкіндігі шектеулі жанға жаңа арба тарту етілді

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімінің орынбасары Роман Қырықбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмабек Әсемов және аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы бастаған ағалар буыны Бостандық ауылының тұрғыны, мүмкіндігі шектеулі Ділдабай Шыңғысхан Есболатұлына демеушілер тарапынан сатып алынған заманауи автоматтандырылған электронды арбаны табыс етті, - деп хабарлайды zhambylnews.kz порталы.

1993 жылғы Шыңғысхан церебралдығы спастикалық диплегияның ауыр түрімен ауырады. Одан бөлек, тіл кемшілігі тағы бар.

"Шыңғысхан Есболатұлының анасы осыдан бірер уақыт бұрын ұлына көмек сұрап, Талас аудандық билер кеңесі мен ардагерлер кеңесіне келген болатын. Осы мәселемен аудан әкімі Қанатбек Мәдібекке кіріп, жағдайды жеткіздім. Міне аталған мәселе бүгінде шешімін тауып, осы арбаны алып берген демеушілерге және осы мәселенің шешілуіне ұйытқы болған аудан басшысы Қанатбек Қайшыбекұлына алғысымды білдіремін", - деді Сәулембай Әбсадықұлы.

Өз кезегінде Шыңғысханның анасы аталған игі іске мұрындық болған аудан әкімі Қанатбек Қайшыбекұлына және Талас аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлына шексіз ризашылығын білдірді.



Бөлісу: