Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі  сатира. НЕ ЖЕЙМІЗ?

Құдайым–ау, бүгінде бәрі бар, не жегің келсе де, самсап тұр! Бірақ, ақша бірінші орында! Ақша үшін кәсіпкерлер не істемейді?

  Сонымен...  Әйеліме бірдеңе дегім келді, бір күні, дүкеннен дайын дұшпара жегім келді. Соны жеген күні, бала–шағаммен, үріп шықтық, «иттің етінен жасалған ба?» деп, өзімізше, күліп шықтық! «Дұшпараны өзіміз жасаймыз, базардан ет әкеліп, қайта–қайта асаймыз» деген күні, бәріміз бақыра бердік, сөйтсек, сиырдың еті дегеніміз, есектікі болып, «ах-их, ах-их!» деп ақыра бердік. Базардағы сүтке су қосады, құдай біледі, у қос десеңіз, у қосады... И-и, өмір сүрудің мәні жоқ, «окорашканың» түк дәмі жоқ, ісіндіру үшін шприцпен бірдеңе айдайды екен, өтімді болу үшін, бәрін байқайды екен, қолдың майына маргарин қосады екен, адамдарды алдасаңыз, о дүниенің тозағы тосады екен, шұжық деген колбаса, жесең, далбаса, кар тон қағаз турайды екен, жей қалсаңыз, миың кеуіп, құйрығың қурайды екен, кепкен кеспелерде құрт жүреді, ауыздағы пәлекет мұрыннан шығып, жұрт күледі, лепешкаларың созылатын сағыз, енде не жейміз, көз сораңды ағыз, қарбыз жесең, ішіңді силикатпен бүлдіресің, дәретханаға таласып, «қатын, менің кезегім!» деп күлдіресің, пісте майыңда бензин бар, темекі тартсаң, лап етіп, жанып кетесің, арағыңда у бар, о дүниеңе «ағып» кетесің, қытай жұмыртқасы резеңке, жесең, бірдеңке.... Бәрі «самопал», қысқасы, адамдар тым қатал... Болашаққа не дейміз, айтшы маған, қарным аш-е-е-п тұр, ертең не жейміз?

 

 

 



Бөлісу: