Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ҚОРҚЫЫП КЕТЕМІН...
блог
Бұл әдетті, қашан қоя аламын? Түн ортасында шошып оянамын...
Заман қайда бара жатыр? Қоқыс жәшінінде, тастанды шақалақ, бала жатыр... Алаяқтар атыңнан несие алып жүр, қорқаулар қашанда, аяқтан шалып жүр...
Жұрт дипломды сатып алады, «шантажистка», «Жаным!» деп, жаныңа жатып алады... Солардан қорқып кетемін. Қорыққаны несі, шоршып ке темін! Абыройсыз акедемик, профессор деген атақ коп, атақтың өзін сатып алған соң, ия, ия, шатақ көп. Молдалар, уағыз айтып, «қуып кетті», кей ағайындар бір–бірінен суып кетті, былтыр да, биыл да, көп ауылды тасқын жуып кетті, кеше бір оқушы, он бесінде туып кетті... Солардан қорқып кетемін. Қорыққаны несі, шоршып кетемін!
Әйелің, жақпасаң, ұра салады, «болды, крест!» деп, басқамен тұра салады, үкімет жағымпаздарға мойнын бұра салады, жасы бар, кәрісі бар, бәрі ауру, қалталарында дәрісі бар, «Жаңа Қазақстанға» жеті жылда жетеміз» дейді, жете алмасақ, о дүниеге кетеміз дейді, кей қыздарымыз бетпақ, долы, жігіттеріміз жігерсіз, әке–шешесінің соры, үй біткен жарамсыз, сырылып жатыр, мал біткен тасқыннан қырылып жатыр, кемпірлер жас жігіттерге тиіп жатыр, қыздарымыз арабтардай, хиджап дегенді киіп жатыр, қытайлар «төр менікі!» деп, дастарханыңа сиіп жатыр... Солардан қорқып кетемін. Қорыққаны несі, шоршып кетемін! Тасқыннан халық қиналғанда, жан–жақтан көмек көп жиналғанда, біреулер қымқырып жатыр, жымқырып жатыр, солардан қорқып кетемін. Қорыққаны несі, шоршып кетемін! Қыста қырық градус аяз, мектептерде білім саяз, біреулер дейді, дейді, «антикордың» өзі, опырып жейді, жемқорлар, асықпай, отырып жейді, осыларға бола ма, тоқтау, желі біткенде бірін–бірі боқтау, солардан қорқып кетемін, қорыққаны несі, шоршып кетемін! Жақпасаң, киллер ата салады, кедейлер арам қата салады, дәрігерлер біреудің баласын, шімірікпей, сата салады, полицей қолыңды қайыра салады, қыз болсаң, зорлағыштар, дамбалыңды айыра салады, айттым ба, әлде батылдау, әлемнің өзі, шым-шытырық, мүмкін емес, агшынбау! Әне жерде атыс, мына жерде шабыс, үшінші соғыс болмасын, естиікші, қағыс! Солардан қорқып кетемін. Қорыққаны несі, шоршып кетемін!