Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ЖЕР БАСЫП ЖҮРУГЕ БОЛМАЙДЫ!

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ЖЕР БАСЫП ЖҮРУГЕ БОЛМАЙДЫ!
жеке
блог

Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ЖЕР БАСЫП ЖҮРУГЕ БОЛМАЙДЫ!

    Дубайға, Стамбулға бармай–ақ. өзіміздің Іле ұлттық саябағын тамашалауға, отбасыммен барғанмын. Көлігімізден түскеніміз сол. автомат асынған күзетшілер қарсы алды. Сөйтсек, бұл аймақ бір мықты фигураға сатылып, жекешеленіп кетіпті!  Тауларға дүрбімен қарап тұр едім:

–Болмайды!–деді күзетші. Сөйтсем, тау шыңдары да жекешеленіп кетіпті! Тау бөктері де! Сүмірейіп, кері қайттық. Жолда МАЙ инспекторы тоқтатты. «Бұл жолмен жүруге болмайды!» –деді. Жол сатылып кетіпті.Амал жоқ, жолдың жиегімен жүрдік.  Тағы бір жерде шикі қамыр жегендей, қамығып тұрғанбыз. Әкім келді ентігіп.  Бәріміздің мұрнымызға пластилин тыға бастады. «Ойбай не істеп жатырсыз?» –деп сұрадым мен. «Бұл аймақта ауамен демалуға болмайды, ауасы жекешеленіп кеткен!» –деді ол. Тұншыға жаздап, Щымкентке қайттық. Адам сияқты өмір сүруден қалдық қой! Екінші қабаттағы пәтерімізге кірейік десек, бір семіз жігіт сағыз шайнап тұр, кіргізбейді! «Ой, не болды?» –деп сұрадым мен. Сөйтсем, подьезіміз жекешеленіп кетіпті! Амал жоқ, екінші қабатқа арқанмен өрмелеп шықтық!  Құдайым–ау, жекешеленбеген не қалды өзі? 

Тротуарды тырп-тырп басып келе жатыр едiм, ортасынан тiлiп жiберсе, екi адам болып шыға келетiн еңгезердей еркек алдымнан шыға келдi.

–Бұл жермен жүрмеңiз! –дедi ол салған жерден.

–Е, жер астында алты жүз албасты жатыр ма?

–Жоқ, тротуар менiң жеке меншiгiм. Анау жерге дейiн гос актiм бар. Пожалыста, әр қадамыңызға қырық теңге төлеп жүре берiңiз.

– Өй, құрып кетшi, әрi! –дедiм де, аялдамаға келдiм. Сөйтсем, мұнда автобус күтiп тұрғандар қораз сияқтанып, бiр аяқпен тұр, бәрi. «Бұларға не болған?» - деп ойланып үлгергенiмше, бiр әйел жетiп келдi.

–Мұнда тұрыңыз, бұл жер менiкi! Гос актiм бар! Мына жерлер платный! Бiр аяқтап тұрсаңыз отыз теңге, екi аяқпен тұрсаңыз алпыс теңге! –дейді.

 Сұмдық қой бұл! Қала әкiмi, жерком осындай сұмдыққа барған ба? Ақша берсе, жекешелендiрiп, жер бiткендi сата беру керек пе?

 Түркістан облысындағы Өгем тауларына бара алмаймыз!   Оны да бір мықты жекешелендіріп алған. Төлеби ауданындағы «Бүргелікте» еркін демала алмаймыз, арабтарға сатылған дейді ме? Содан Астанадағы досыма барғым келіп, ұшақта отырмын. Ұшақ аспанда айналып әлі жүр. Стюардесса қыз: –Кешіріңіздер, қайта қонуға мәжбүрміз. Қазақстан аспаны жекешеленіп кетіпті . Рұхсат жоқ! –деп хабарлады.  Есімнен танып қалдым.