Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі сатира. ЧИСТО ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙІК!

Жорғалаған жылан да өз тілінде ысылдайды ғой. Депутат мырзалар, ана тідімізді таққа отырғызатын уақыт жетті. Прикин, мәжіліске есеп беруге келген министрлер ужас, депутаттық вопрос берсең, мын–мынқылдап жауап бере алмайды. Ол өз ана тілін білмесе, қалай министр болып, қалай халық проблемаларын шешеді? Странно ғой. Жаңа депутаттар ант бергенде позор болады! Просто, идиоты! Сосын бар ғой, орыс сөздерін дұрыс переводтау керек. Қазақ тілін унижать етіп, қорламаңыздар. Мысалы, мен сияқты перевод жасаңыздар! Міне, пепельницаны–қақырница, түкірница, самоварды–қайнавар, баняны–жалаңашня, закусканы–жеп қойка, бабаяганы–енеяга, телефонды–сөйлефон, асфальтты–жолфальт, туалетті–тышақ, бананды–сопақ, ватцапты–өсекцап, тиктоқты–тырдайток, трусиді–дамбали, капустаны–домалақ, салфетканы–сүртфетка, сельфи–суретфи, каспи гольд–ақшагольд, перевод–төңкервод, банкомат–ақшамат иомае–өмае деп аудардым ғой! Қазақ қыздары Динара атын–Диана, Орынша–Оля, Сандуғаш–Соня болып шыға келеді. Қыз Жібекті– Наташа, Төлегенді Толик, Баян сұлуды– Айкона десек жараса ма? Сосын, жігіттер өз ара сөйлескенде: »Карочее, базара нет», «Отвечаю!», «Делевой, что ли?», «Қандай тема?», «Е, пацан, өзіңе көп ала бермесеңші?» –деп жатады. Бір–бірін орысша боқтайды. Оу, қазақша боқтаудың жеті атасы бар ғой! Ерлі–зайыптылар да бір–біріне орысшалап: «Свиния! Баран, иди к черту!» –деп ұрысады. Қазақша ұрысуға болады ғой: «Шошқа! Мал, шайтанға барып келші!» – демей ме? Общым, қазақша, чисто қазақша сөйлейік, мырзалар!



Бөлісу: