Мұхтар ШЕРІМ. Бүгінгі қышқыл сатира. ӨЗІҢЕ ТАС АТПА!
блог
Ресей төл құжатын алу оңай екен. Путин сондай жарлық шығарыпты, Қазақстандықтар үшін. Дегенмен, солқылдақ сұрақтар да қойылады екен.–Қазақстандық азаматшасыз ба?–Конечно!–Оны немен дәлелдейсіз?
–Любой сұрақ қойыңыз.–Мақал- мәтел айтыңыз. –«Жоқ болса, тұз жаман, қайтып келген қыз жаман».–Ондай мақал жоқ. Судың химиялық формуласы?– Оның қазақ екеніме қандай қатысы бар? Аш екі О!
–Қаңтар оқиғасында кімдер сотталды? Лауазымды шенеуніктерден?
–Бұрынғы премьер министр Мәлім Нәсімов.–Дұрыс. Қазір қандай Қазақстанбыз?–Ескі және су жаңа Қазақстанбыз.– Әйелін ұрып өлтірген экс–министр?–Жемқор министр ме? Сұмбек Есалаңов!–Қазақтың сусыны?–«Кококола». Ой, «Горилла».–Жоқ, қымыз.–А, ия, қымыз ішкім келіп кеттті ғой. –Кейбір қазақтар не атады?–Мылтық.–Жоқ, насыбай атады. Не тартады?–Темекі.–Жоқ, Домбыра тартады. Кей қазақ не ішеді?
–Айран.–Жоқ, қаныңды ішеді. Кейбір шенеуніктер не жейді?–Пицца.
–Жоқ, тендер жейді. «Абай» романын кім жазды?–Адам.–Сізден сұрап тұрмын, мадам.–Жазушы.–Қазақстандаа адамдар қай кезде тоңып секіреді?–Қыста айдалада жалаңаш жүрсе.–Жоқ, жылу пештері жиі жарыла беретін Кентау, Екібастұз, Астана қалаларында.–Біздің елде не сатылмайды?–Жер сатылмайды!–Дұрыс емес, жоқ нәрселер сатылмайды.
–Не сатылады?–Пісте. Жүзім, алма, жүгері көже, көп қой!
–Жоқ, біздің едлде Ар сатылады, Намыс сатылады, ұят сатылады.–Аа...
–Біздің елде не ашық?–Халықтың көзі ашық.–Жоқ, кейбір қыздарымыздың кіндіктері, төсі ашық. –Ия, солай ғой, ағай.–Не жабық?
–Демалыс күндері мекемелер жабық. –Жоқ, шындықты айтатындардың ауыздары жабық. Кейбір хиджаб құмарлардың бет–ауыздары жабық... Бізде не былқылдақ?–Фигурная қыздардың белдері...–Жоқ, кейбір соттар былқылдақ. Не қатты?–Тас!–Жоқ, құқық қорғаушылардың жүректері қатты. Мейірімсіз, сауатсыз. Сонымен, сіз сұрақтарға жауап бере алмасаңыз да, Ресей азаматшасы бола аласыз. Бұл Ресейдің жеңілдігі.
О, бауырларым! «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!» –деген, Отаныңды сатпа, сөтіп, өзіңе–өзің тас атпа!