Мұғалімдер де кәсіпкер бола алады!

Мұғалімдер де кәсіпкер бола алады!
жеке
блог

Нарықтың экономика жүйесі бәсекелестікке құрылған. Кім өзін нарыққа дұрыс ұсына алады, сол басым болады. Жаппай жаңалыққа ұмтылған қоғамның ішінде «Елдің бәрі бизнеспен айналысып кетсе, қарапайым жұмыстарды кім істейді?» деген сұрақ туындауы заңдылық. Расында да, біздің қоғамға мықты мамандар да керек. Бірақ, ел дамып, азаматтардың өмір сүру сапасы жақсару үшін мықты мамандар өз қабілеттерін дұрыс қолдана білуді меңгергені жөн. Қалай? Ол туралы төменде тарқатып айтатын боламыз.
 
Он мұғалімге барып, «кәсіпкер бол» десең, қаншасы келісім беріп, бизнеске бет бұруы мүмкін? Әрине, кемінде онның сегізі бұл ұсыныстан бас тартады.  Себебі, тұрақты айлыққа үйреніп қалған адам үшін өзіне белгісіз жолға ауысып, тәуекелге бару оңай емес. Әрі біздің қоғамға мықты мұғалімдер де керек. Осы тұста көңілге ұялаған күдіктерді реттеп, сұрақтарға жауап табуға болады.
 
Мұғалім кәсіп бастап, бизнесмен болып кетпесе де, жұмыстан тыс уақытта өз қабілетін нарыққа дұрыс ұсыну арқылы қосымша табыс таба алады. Яғни, негізгі жұмыстан шықпай-ақ жақсы табысқа қол жеткізуіне болады.
Ол үшін жоғарыда айтылғандай нарыққа өзіңді дұрыс ұсына білу маңызды.
 
Біз шоғырланған көпшіліктің арасында өмір сүріп жатырмыз. Көптің бірі болғаның үшін саған ешкім келіп ен тақпайтыны анық. Бірақ әрекет ету арқылы ерекшеленіп, сол көпшіліктің арасынан өз орныңды табуыңа әбден болады. Мұғалімдер де осы ережені қолданып, бірнеше заманауи қабілеттерді меңгеру арқылы нарықта сұранысқа ие маман бола алады.
 
Адамзат өмір сүріп тұрған кезде білімге деген сұраныс үнемі бола бермек.Осы тұста педагогикалық білімі бар әр мұғалім онлайн мектеп ашып, өз ісін дөңгелете алады. Бұл тұрғыда барлық фокусын бизнеске бұрып, онлайн мектеппен толықтай айналысып кетуіне болады. Ал, негізгі жұмыстан шықпаймын десе, заманауи атаумен фрилансерлік жұмыс істеуіне болады.  Ол қалай?
 
Онлайн мектеп ашу үшін оқытатын бала керек. Арнайы бағдарлама мен методиканы құру маңызды. Жаңа технологияларды дұрыс қолданып, сауатты жұмыс істей білген жөн. Сырттай айтқанға оңай көрінгенмен, оның артында бірнеше заманауи  қабілеттерді меңгеру керек.
 
Сапарға шыққанда өзің жалғыз бағыт алған дұрыс па? Әлде сол жолды жақсы білетін жолсерікпен бірге сапарлас болған тиімді ме? Әрине, жолдың барлық қыр-cырын, кедір-бұдырын бес саусағындай жақсы білетін жанмен бірге жолға шыққан әлдеқайда тиімді. Осы тұста  Samruk Nazar  онлайн білім беру орталығы бүгінде мұғалімдерге арналған жаңа бағдарлама ұсынып отыр. Осы уақытқа дейін 120 000 адамға онлайн білім берген тәжірибесін жаңа жоба арқылы мұғалімдермен бөліспекші.
 
Samruk Nazar  құрастырған жаңа білім беру бағдарламасын әліпке таяқ ұстатқандай түсінікті етіп құрастырған. Мұғалімдер 0-ден бастап үйреніп, барлық замануи қабілеттерді үйренеді. Оқу орталығының 4 жылдық тәжірибесіне сүйене отырып құрастырылған білімді меңгеру арқылы мұғалімдер алғашқы айда-ақ табысқа шыға бастайды.
 
Бүгінде Samruk Nazar алғашқы лектерді оқытып, нәтиже шығара бастады. Жобаның негізін қалаушылар бүкіл мұғалімдер белгілі бір жүйеге байланып қалмай, еркін жұмыс істей алуы үшін жұмыс істейді. Еліміздің ертеңі – жастар. Ал, ел келешегіне жауапты болатын балаларды біздің мұғалімдер оқытады, тәрбиелеп шығады. Сондықтан да, мұғалімдердің өз пәнін ғана жақсы білгені жеткіліксіз. Жан-жақты білімді, білікті, көзі ашық, табысы жоғары мұғалімдер саналы ұрпақты тәрбиелеп шығады.Яғни, бұл жобаның миссиясы үлкен. Артында үлкен жауапкершілік пен ұлтқа деген жанашырлық сезімі жатыр.
 
 
«Өз мамандығымды жаңа бағытқа қарай икемдеп, бизнеске бет бұрамын» деген мұғалімдер үшін Samruk Nazar жобасы таптырмас мүмкіндіктер сыйлайтын жоба болатыны анық.