Меркілік 83 еңбек ардагері Сарыағашқа аттанды

Меркілік 83 еңбек ардагері Сарыағашқа аттанды
жеке
блог

Жамбыл облысы Меркі ауданының әкімі әкімі Руслан Маратұлы Нұрсипатовтың бастамасымен ауданда көп жылдар бойы еңбек етіп, шаруашылықта малын баққан шопандар, сауыншылар, механизаторлар, бригадирлер сынды 80-нен астам еңбек ардагерлері Сарыағаштағы шипажайға жолданды.

Аудан басшысы Өзі еңбек ардагерлердің басын қосып, сапарларына сәттілік тілеп, өз сөзінде: «Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Өңір басшысы Бердібек Машбекұлы Сапарбаев үнемі Тәуелсіздік жолында еңбек етіп, ақ маңдайынан қара тер төгіп жұмыс жасаған қарапайымдылығымен ауылдың еңсесін көтеріп, егіншілік пен мал шаруашылығын түлеткен азаматтарға құрмет көрсетуді үнемі тапсырып, көңіл бөлуде.

Міне, осы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай, Қазақстанның дамуына үлесін қосқан азаматтардың көпжылғы еңбегін елеп ескеріп, мереке алдында еліміздің әр азаматқа қамқорлығын сезінсін, білсін деген мақсатпен 83 ардагерді демалысқа жіберуді ұйғардым. Ел аман, жұрт тыныш болса – бәрі болады. Кеңес одағы тарағаннан кейін қандай жағдай болғанын осы буын ағаларымыз бен апаларымыз нақты біледі. Сондай-ақ, 30 жыл ішінде Елбасының сарабдал саясатын басшылыққа алып, еліміздің толағай табыстар мен жетістіктерге жету үшін үлкен үлес қосып атсалысты.