Менің əкем ит емес!

 Жаздың кешкі самалы, саф ауасы тынсыңды ашып, жаныңа рахат сыйлайды. Өрістен маңырап ауылдың қойлары келеді. Желсіз тұрған ауылды шаңға орап, жамырап жатыр. Осы көріністі шарбақтың ішінде жатып, көз алдыма елестетіп, қою, қызара қүйіп піскен бауырсақтың түсіндей күнді ұясына батыра алмай, күтіп жатырмын. Кеше апамдар қалаға құдалыққа барып қайтты. Ал құдалықтан шапан, орамал киілер-киілмес сан түрлі киімдер мен пакет-пакет тойдан қалған тамақтардың, сарқыттың тау болып үйіліп келетіні бар. Тамақ пен киім былай тұрғанда кілемде келеді. Сол кілемге көкемнің кенже баласы алма шырынын төгіп алған. Ал əжем:
- "Ай, сұмырай кет былай, құрғыр ғана құрттың бəрін! Иттің баласы. Бала емес бəле тіпті "- деп, əжем өз жұмысын тарс-тұрс əрі қарай жалғастырды.


 Ойланып көрейікші! Жаратушының жаратылысын жануарға теңейтіндей не күн туды?! Әкесін итке, өзін иттің баласына теңеп жан баласының намысына тиме, себебі оның (сенің) əкесі ит емес!

" Кешіріңіздер адамзат баласы, менің əкем ит емес "



Бөлісу: